Previous Page  163 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 400 Next Page
Page Background

163

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

Ханафи мәзһабының негізгі қағидалары бойын-

ша Құранда немесе хадисте болсын, «ғамның» дәлелі

нақты.

Құранның ғамы (жалпы үкімі) ахад хадиске басым.

Құран Аллаһтың сөзі және дәлелдік жағынан нақты.

Құранның мағынасына қайшы пікір айтылмайды,

оған қандай да бір хадис қайшы келсе, ол екеуінің

мағынасын сәйкестендіріп түсіндіруге тырысады.

Егер ол мәселенің түйінін шешуде қиындық тудырса,

әуелгі кезекте Құрандағы үкімге үңіліп, хадисті алмай-

ды. Осыған мысал ретінде Әбу Бәкірдің сахабалардың

басын қосып, Құранға қайшы келген барлық хадисті

«жоюға» бұйрық бергенін келтіруге болады. Хазірет

Омар да «талақ байин»

297

мен ажырасқан әйелге напақа

берілмейтіндігі жайлы айтылған Фатима ибн Қайстың

хадисін алмай: «Шыншылдығы белгісіз әлдебір

әйелдің сөзі үшін Құранның бұйрығынан аттап кете

алмаймыз»

298

– деген.

Айша (р.анһа) да

«Өлген кісі артынан жоқтау

айтып жылағандар үшін азапталады»

299

деген

хадисті

«Ешкім басқа біреудің күнәсі үшін жауапқа

тартылмайды»

300

деген аятқа сүйене отырып,

қабылдамаған. Өйткені, Құранның бұл аяты «ғам»

жалпы үкімді айтып отыр, ол – біреу үшін басқа біреу

сұралмайтындығы. Ал хадисте дүниедегі жақыны

жылағаны үшін ақыретке аттанған адамның жаны

қиналатындығы айтылған. Аят «ғам» болғандықтан,

297

«Талақ бәйин» үшмәрте «талақ» сөзін айту, бұл сөзді айтқаннан

кейін әйел тек басқа біреумен үйленіп, одан кейін ғана күйеуіне

қайта орала алады.

298

У. әд-Дәхләуи,

Хужжатуллахил-балиға,

1-т., 300-б.

299

Субулус-салам, 3/166

300

«Зумар» сүресі, 7-аят