Previous Page  136 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 400 Next Page
Page Background

136

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Кейбір зерттеушілер асхабул-хадис және асхабур-

рай деп жіктеудің орнына Хижаз және Ирак мектебі

деудің шындыққа жанасатынын, өйткені, араларында

пікірталасдінизаңдардыңқайнаркөздеріментәсілдеріне

қарай емес, ұғым-танымдарына, ұстаздарының білім-

білігі мен тегіне, ықпалына, қоршаған орта мен

әдет-ғұрыптардағы айырмашылықтарға байланысты

өрбігенін айтады

241

.

Жалпы мүжтәхид имамдардың арасында райды

(мәселенің ақиқатына жету үшін шариғи дәлелдерді

саралай отырып, ақыл-ойын жүгіртіп, үкім шығару)

қолданбаған ғалымды кездестірмейсіз. Көбіне табиғин

кезеңінен соң рай мен хадисшілер арасындағы

өзара тартыс-таластың хадисшілер мен фиқһшылар

арасындағы өзара талас-тартысқа ұласқанын көреміз.

Осының нәтижесінде, хадис пен фиқһ бір-біріне

кереғар екі бөлек сала секілді қабылданды.

Әбу Ханифа мен оның ізбасарларының әхлур-рай

деп аталуында Омар ибн Абдулазиз кезеңінде Хи-

жазда хадис жинау ісінің мемлекет тарапынан қолға

алынып, Мәдинада тек қана хадис жинап, оны риуаят

етумен айналысқан бір топтың шығуы да маңызды

рөл ойнады. Өйткені, мухаддистердің қолында жәрх

пен тағдилдің

242

күші бар еді. Олар кімді мақтаса, сол

241

А. Махмуд Абдүлмәжид,

әл-Иттижахатул-фықхия инда

асхабил-хадис,

33-тен Хаккы Үнал, 47-48-б.

242

Хадис ілімінің бір саласы. «Жәрх» хадис жеткізушінің

бойындағы кемшіліктерді (есте сақтау қабілетінің нашарлығы,

өтірікші, сенімсіздігі, пасықтығы, т.б.) анықтаса, «тағдил»

рауидің бойындағы жақсы сипаттарын анықтап, сенімділігін

дәлелдейтін ілім саласы болып табылады. Осы тақырыпқа

қатысты қазақ тілінде кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз:

Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы), Нұр-

Мүбарак баспасы, Алматы, 2010, 147-162-б.