135
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
Құран аятын ақыл таразысына салып,
жорамалдамаған немесе өз ұстанымдарына сай келме-
ген кейбір сүннеттерді қабылдамай қойған ғалымдар
да жоқ емес. Олар сүннетті қабылдамағанда белгілі
бір себептерге немесе насих-мансух (алдыңғы үкімнің
жойылып, соңғы үкімнің жүзеге асырылу) тәсіліне
сүйенген. Бірақ, Әбу Ханифа басқаларға қарағанда
сұңғылалық танытты.
Яхия ибн Сәләм әл-Ләйс былай деген: «Мәлік ибн
Әнастан Пайғамбардың сүннетіне қайшы келетін 70
мәселе анықтадым. Мәлік осы мәселелерде раймен
(ақылға сүйене отырып) үкім шығарған. Өзіне насихат
айтып, осы қайшы келетін тұстарын тізбелеп жазып
жібердім» дейді.
Осынау үмбеттің бірде-бір ғалымы қандай да
бір хадистің Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жеткендігіне көз жеткізіп, оның растығына ден
қойғаннан кейін дәл сондай дәрежедегі бір риуаят, яки,
көпшілік ғалымдар бірауыздан келіскен әлдебір мәселе
немесе мойындатпай қоймайтын мықты бір негізге
сүйеніп, аталмыш үкімнің өз күшін жойғандығына
үкім шығармастан, яки, хадис жеткізуші адамдардың
тізбегінде кемшілік ұшыраспаса, өздері қарастырып
отырған мәселеге қатысты хадисті ешқашан жоққа
шығармаған. Кімде-кім осылай етсе, оны имам санау
былай тұрсын, ол кісінің бойындағы «әділдік» сипаты
жоғалып, пасық деңгейіне түседі..»
240
.
240
М. Абдуррәшид ән-Нұғмани,
Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа
фил-хадис,
Бейрут, 1416. Бұл еңбек түрік тілне аударылған.
Қараңыз: М. Абдуррәшид ән-Нұғмани,
Имамы Ағзам Ебу
Ханифенин хадис илминдеки иери,
(ауд. Ә. Йылдырым,),
Стамбул, 2004, 100-101-б.