130
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
мүмкін емес. Сондықтан, ол кезеңде қай аймақта
болса да, фақиһтардың арасында әдістемелерінде
айырмашылық кездескенімен раймен үкім беруге
қарсы шықпағандықтарын көреміз.
Ирак медресесінің рай мектебі ретінде
танылуының себептері
Сахаба мен табиғин кезеңінде Иракта басталған
Құранмен хадиске сүйенетін дінимәліметтерді райжәне
ижтихадпен байыта түсу хижраның екінші ғасырының
орта шенінде Әбу Ханифа мен шәкірттерінің қажыр-
қайраты нәтижесінде қалыптасып, жүйеленген деуге
болады. Аббаси халифатының алғашқы кезеңдерінде
Куфа мектебі әхлур-рай деп атала бастағанын
байқаймыз. Бірақ, бұл атаудың нақты қай кезде пайда
болғандығын, кімдердің кімдерге қатысты айтылғанын
дәл кесіп айту қиын.
Осы жерге дейін келтірген мәліметтерден Хижаз
бен Ирак мектептерінің һижраның 1-2 ғасырларында
фиқһ саласында хадис пен райға бірдей мән
бергендеріне қарамастан, алғашқылардың хадисші,
кейінгілердің рай жақтастары деп аталуының себебі
неде жатыр? Былайғы жұрттың Әбу Ханифаны рай
мектебінің өкілі ретінде көрсетіп, оны хадистерге ден
қоймаған адам ретінде танытып, күстәналағанын қалай
түсінуге болады? Ал райды қолдануда Әбу Ханифа-
дан қалыс қалмаған Имам Мәліктің асхабул-хадистің
туын желбіретушісі ретінде мәшһүр болуының түбінде
не сыр бар? Осыған қысқаша жауап іздеуге тырысып
көрейік.
Имам Мәліктің «Муатта» атты хадис жинағының
ертеректе жиналуы оның хадисші ретінде танылуында