Previous Page  128 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 400 Next Page
Page Background

128

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

да ілім, мағрипат және әділет тұрғысынан ешқандай

айырмашылық болмағанын дәлелдермен көрсетеді

225

.

Мәдиналықтар хадиспен амал етуге айрықша

мән береді деген көзқарас Әбу Ханифаның шәкірті

Имам Мұхаммедтің кезінде де кең тараса керек. Бірақ,

имам Мұхаммед мұның қате екенін көрсету үшін

мәдиналықтарға «Мысалы, Ибн Аббастың мұрны

қанаған кезде намаздан шығып дәрет алғанын, сосын

үндеместен қайта намазын жалғастырғандығын риуаят

еттіңдер. Саид ибн Мусәйябтың да дәл солай әрекет

еткенін жеткіздіңдер. Бірақ, өздерің соған сай амал

етпедіңдер... Бұл хадисті олардың фақиһы Мәлік

ибн Әнас жеткізгендігіне қарамастан, осы секілді

риуаяттарды елемегенін қалай түсінуге болады?

Мәдиналықтарды хадиспен ғана үкім береді дегендер-

ге таң қаламын. Олар хадисті риуаят етеді, сөйте тұра

оны нақты риуаятқа еш қатысы жоқ қайдағы бір нәрсе

үшін тәрк етеді»

226

, – деген екен.

Ибн Хазм айтқанындай, һижраның алғашқы

ғасырында барлық аймақтарда іліммен шұғылданған

табиғиндардың білім қайнары сахаба еді. Басқаша

болуы да мүмкін емес. Ол кезеңдегі сахабадан жеткен

ілім толығымен Құран мен хадиске негізделген

227

.

Ибн Абдулбәрр түрлі аймақтарда райларымен аты

шыққан көптеген табиғиндардың кездескенін «Насс

(аят-хадис) табылмаған кезде өз көзқарастарымен (рай)

ижтихад жасап, пәтуа берген, негізгі қайнар көздерге

225

Бұл да сонда, 4-т., 209-210-б.

226

Шәйбани,

Китабул-хужжа ала әхлил-мәдинә,

(тахқиқ әл-

Кәйләни), Хайдарабад, 1965, 1-т., 66-68-б.

227

И. Хаккы Үнал, 41-б.