Previous Page  123 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 400 Next Page
Page Background

123

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

Егер сахихтығы дәлелденсе, хадис пен сүннетке дәл

алдыңғылар (хадисшілер) секілді қарайды»

211

дейді.

Осы екі ұғымды талдаудан туған көзқарас

айырмашылығы дін білгірлерін белгілі бір санатқа

жатқызып, жіктеуде де көрініс тапқан. Ибн Құтайба

(ө. 270 һ.) барлық мүжтәхид ғалымдарды асхабур-рай

десе, тек қана риуаяттармен айналысып, фиқһ саласын-

да аты шықпағандарды мухаддис деп санаған. Ахмед

ибн Ханбәлді осы екі топтың ешбіріне жатқызбаған

212

.

Ал басқа кітабында Ахмед ибн Ханбәлді Әбу Ханифа

және оның мәзһабымен бірге асхабур-райдың тобына

қосқан

213

.

Мәлік ибн Әнәсті хадисшілер рай жақтастары, ал

Тирмизи имам Шафиғиды асхабул-хадиске жатқызады.

Мақдиси болса, Ахмед ибн Ханбәл мен Исхақ ибн Ра-

хуяны хадисшілерден десе, Имам Шафиғиды бірде

асхабур-райға, бірде асхбул-хадистің қатарынан дейді.

Бәйхақидың риуаяты бойынша асхабул-хадисті бес

санатқа бөлуге болады. Олар: мәлікилер, шафиғилар,

ханбәлилер, рахауиялар, хүзәймиялар

214

.

Хадис мектебі ретінде қабылданған Мәдина

медресесінің фиқһтағы көшбасшысы саналған табиғин

ғалымы Саид ибн Мусәйяб жайлы Әли ибн әл-Хусейн

211

М. Хұдари,

Тарихут-тәшриғил-исләмии, Матбаатул-

истиқама,

Каир, 1939, 5- басылым, 200-б.

212

Ибн Құтайба, Маариф, (тахқиқ С. Уккашә), Дәрул-мариф,

4-басылым, Каир, 1981, 169-171

213

Ибн Құтайба, Тәуил мухталифил-хадис, (Тахқиқ М. Зухри ән-

Нәжжәр), Каир, 1386 һ., (Түрікше аударған М. Хайри Кырба-

шоглы,), Хадис мүдафаасы, Стамбул, 1979, 17-б.

214

И. Хаккы Үнал, 37-38-б.