Previous Page  120 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 400 Next Page
Page Background

120

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

көбіне хадистің астарына терең бойламай, үстірт

шолып, хадисті сөзбе-сөз қайталаудан аспаған кейбір

хадисшілердің көзқарастарына қайшы келуіне таң қала

қараудың жөні жоқ. Өйткені, хадис жеткізушілердің ара-

сында хадистердің мәнін терең түсіне алмайтындардың

қарасы көп еді. Бұл жайында Яхия ибн Йаман:

«Кейбіреулер хадисті жазуын жазып алады, бірақ, оның

мағынасына терең бойлай бермейді. Егер одан алда-

жалда қалыптасқан ахуалға байланысты сауал қойса,

кітапқа толы құр жансыз кітапхана секілді, жапқан

аузын ашпай мелшиеді де қалады» дейді

207

.

Осындай хадисшілердің арасында өзі жаттаған

хадистерінің мән-мағынасын, оның фықһи үкімін,

Құран аяттарымен және басқа да хадистермен байла-

нысын терең талдап беруге өрелері жетпейтін топтың

арасында адамның күлкісін келтіретін жағдайлар

орын алатын. Мәселен, кейбіреулер үлкен дәрет

сындырғаннан кейін истинжа (сумен тазалану) жасап,

дәрет алмастан үтір намазын оқитын болған. Бұның

себебін сұрағанда Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мына хадисін дәлел ретінде келтірген: «Кімде-кім

таспен истинжа жасайтын болса, үтір (тақ) қылсын»,

яғни, тазаланғанда тастың саны 3 немесе 5 секілді

тақ санмен шектелсін, деген. Бұл хадисте айтылатын

«Үтір қылсын» дегенді ол риуаятшы үтір намазы деп

түсінген, алайда, бұл жерде «Үтір» деген сөздің екінші

астары «Тас қолданғанда тақ болсын» деген мағынаға

саятын.

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

басқаның егінін суғаруға тыйым салған-ды.

Осы хадисті тікелей сөзбе-сөз түсініп, көршісінің

207

Ибн Абдулбәрр,

Жамиғу баянил-илм,

2-т., 121-б.