Previous Page  117 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 400 Next Page
Page Background

117

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

дегенге саятын «һәуә» сөзінің антонимі. Бірақ, кейбір

қатып-семіп қалған хадисшілердің бұл терминге деген

теріс көзқарастарына байланысты тағы бір жағымсыз

жағынан қарастырылатын «һәуә» сөзіне пара-пар са-

налып кеткен» деп түсіндіреді

198

. Имам Ғазали рай

сөзінің әрі сахих (дұрыс, оң), әрі фәсид (бұзушы, жа-

рамсыз) мағынасын да қамтитындығын, бірақ, кейде

осы «фәсид (бұзушы, жарамсыз) рай» осы рай сөзінің

орнына қолданылып кеткенін айтады

199

. Ибн Хазм

«Дінде нассқа (аят-хадиске) сүйенбейтін пікір»

200

десе,

Ибн Тәймия да Құран, сүннет пен ижмаға сүйенген

райдың дұрыс, ешқандай негізі жоқ райдың бұрыс

екенін айтады. Ибн Қайим «Дәлелдер бір-біріне қайшы

келген жағдайда дұрысын ажырата білу үшін терең

ойға беріліп, жан-жақты ізденуден соң барып адамды

қанағаттандыратын көзқарас»

201

деген. Жалпы, кей

дереккөздерде рай туралы Пайғамбарымызға

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

дейін барып тірелетін хабарлардың бәріндегі

жағымсыз мағынада қолданылатын рай терминінің көп

жағдайда амалдары дінді бұрмалауға апаратын адасқан

топтарға қарата айтылатынын байқаймыз. Әйтпесе,

Хижазда тұрғанымен райды көп қолданған сахаба

Омар ибн Хаттаб еді. Сондықтан, оны рай мектебінің

іргетасын қалаушы деп қабылдағандар да бар

202

.

198

И. Гольдциер,

Захирилер, систем ве тарихлери,

(түрік тіліне

ауд. Ж. Тунч,), Анкра университеси илахият факултеси иайын-

лары, Анкара, 1982, 10-б.

199

Ғазали,

Ихяу улумиддин,

1-т., 262-б.

200

Ибн Хазм,

Ибталуль-қияс,

Гольдциер,

Захирилер

, 167-б.

201

Ибн Қайим әл-Жәузия,

Иламул-муаққиғин,

1-т., 66-б.

202

Калажи,

Мәусуату фықхи Ибраһимин-Нәхәи,

1-басылым,

Мекке, 1979, 1-т., 127-б.