112
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сол кездегі мұсылман әлеміндегі орталық қалалардағы
ең білгір фақиһтардың кім екенін сұрағанда, басым
көпшілігі осы мәуәлиден екендігі анықталған
192
. Хадис
ілімінің ұстаздарының да сексен пайызын мәуәлилер
құраған екен.
Әбу Ханифаның өмір сүрген кезеңінде арабтарға
қарағанда мәуәлилер ілім-білімді терең меңгергенін
байқаймыз. Бұл өз кезегінде араб ұлтшылдығын
қоздырған ең негізгі факторлардың біріне айналды.
Кейбіреулер ұзақ уақыт мәуәлиден шыққан ғалымдарды
мойындағысы келмеді. Әбу Ханифаны алғашында
мойындамаудың бір себебі осында жатса керек.
Мәуәлилер тек жағынан мақтана алмағанымен,
білімдерімен, ғалымдарымен даңқы шықты. Білім –
таусылмайтын қазына, мәңгілік игілік. Тереңіне құлаш
ұрып бойлаған сайын тұңғиығына тартатын тұнық
әлем. Шындығында, сахабалардан кейін білім ұзақ
уақыт бойы мәуәлилер арқылы маңызын жойған жоқ.
Міне, атақты имам Әбу Ханифа да өз кезеңіндегі үлкен
ғалымдардан сабақ алған мәуәли ғалымдарының бірі
болатын.
Хадис пен ижтихад ғалымдары (асхабул-
хадис және асхабур-рай)
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бақилық болғаннан
кейін уахи тоқтады. Сәт сайын құбылып отыратын
өмірдің қитұрқы кезеңдері мен алдыңнан өткел бермей
жал күдірейткен тығырықтан шығар жолды көрсету
сахабалардың еншісінде қалды. Олардың қолдарында
Пайғамбарымыз аманат етіп қалдырған екі қайнар көз:
Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сүннеті болды. Бас қылтитқан кез келген мәселенің
192
Ибн Абдираббиһ,
Иқдул-фарид,
11-т., 262-б.