111
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
тын салықтар салына бастады. Әрине, бұл өз кезегінде
олардың ашу-ызасын тудырып, көптеген қақтығыстар
орын алды.
Мәуәлилердің дәрежесі қоғамда арабтардан төмен
саналатын. Олармен бір сапта тұрмайтын, бір дастар-
хан басына отырмайтын, тіпті, мешіттерінің өзін бөлек
салған көрінеді
190
. Арасынан ғалымдар шықса да олар
араб қыздарынан төмен саналған. Ол ол ма, Ирактың
әкімі Хажжаж намаз оқытатын имамдардың мәуәлиден
болмауын шарт етіп бекіткен. Саяси құрылымға,
басшылық орынға және әскери қызметке өзге ұлт
өкілдерін жолатпаған. Сол себепті, оларға соқаның,
сауданың соңына түсіп, қол-өнермен айналысуы-
на тура келді
191
. Арабтардың дені әскери-басшылық
қызметтермен айналысқандықтан, ғылым саласында
мәуәлилердің бағы жанды. Мәуәлилер саяси аренаға
апаратын жол жабық болғандықтан, ғылымды терең
меңгеріп, жетістіктерге жетті. Олардың көбісі өмірін
ғылым жолына сарп етіп, арабтармен қатар ілім-білім
саласында жоғары мәртебеге қол жеткізді. Тіпті, уақыт
өте келе айрықша беделге ие болғаны соншалықты, тек
Куфада ғана емес, барлық өңірде ғылым саласында
мәуәлилердің мерейі үстем түсті.
Табиғин кезеңінде фиқһ ілімін терең меңгерген
мәуәлилер еді. Бұған Куфаның қадысы (сот төрағасы)
Ибн Әбу Ләйлә мен Аббасидтер халифатының бір өкілі
ұлтшыл Иса ибн Мұса (араб ұлтынан) арасындағы
оқиға дәлел бола алады. Иса ибн Мұса Әбу Ләйләдан
190
Мәуәли, Ислам ансиклопедиси, 29-т, 425-б.
191
Халаф ибн Хаййан;
Ахбарул-Қудат,
Бейрут 2-т., 309-б; Әбу
Захра өз еңбегінде мәуәлидің ілімде жоғары болуының 4
себебін алға тартады. Қараңыз: Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
18-
19-б.