Previous Page  110 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 400 Next Page
Page Background

110

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

тууына да ықпал етті. Саяси, мәдени және құқық

саласындағы қат-қабат күрделі мәселелерді шешудің

жаңаша жолдарын қарастыруға тура келетін кездер аз

емес болатын. Түрлі дін, тіл, мәдениет өкілдерін бір

шаңырақтың астында айрандай ұйытып, басқару тың

тәсілдерді талап етті. Әрине, Әбу Ханифаның ғылыми

танымының қалыптасуында біз сөз еткен осынау фак-

торлар өз әсерін тигізбей қоймады. Хижаз аймағының

жағдайына қарағанда өзгеше ахуал қалыптасқан

өңірде Әбу Ханифаның бұрын-соңды кездеспеген

мәселелердің түйінін тарқатуда қолданған өзгеше

әдісін кейбір ғалымдар дұрыс түсінбей, ел арасында

ғұлама туралы алып-қашпа сөздер желдей есті.

Мәуәли ғалымдары

Тарихшылар араб емес өзге ұлт өкілдерінен шыққан

мұсылмандарды «Мәуәли» деп атаған. Олардың

көпшілігін Ирандықтар, Түріктер, Солтүстік Африка

мен Андалуссиялық Бәрбәрилар, Мысырлық Қыптилар

құрады. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бен әділетті

төрт халифа кезеңінде мәуәлилер мұсылман араб-

тармен бірдей құқыққа ие еді. Ең алғаш рет жаппай

мұсылмандыққа өту 636 жылғы Қадисия шайқасынан

кейін орын алды. Қадисия шайқасында жеңіліс тапқан

4000-ға жуық Иран сарбазы мұсылмандыққа өткен бо-

латын. Кейін олар Куфаға орналастырылды. Мұғауия

кезеңінде Куфада 20 000 мәуәли өмір сүрсе, Абдүлмәлік

ибн Мәруан кезеңінде Ибн Әшғастың 200 000 мыңдық

әскерінің жартысын мәуәлилер құраған екен

189

.

Уақыт өте келе арабтар өздерін өзгелерден жоғары

санай бастады. Омеядтар кезеңінде мәуәлилерге Құран

мен сүннетте негізі жоқ, өзге дін өкілдеріне салына-

189

Табари, Тарих, 6-т.,347-б.