Previous Page  106 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 400 Next Page
Page Background

106

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

арасында ақида, фиқһ ұстаздары мен хадис мамандары,

Құран және араб тілі ғалымдарының көптігі жағынан

басқа өңірлерден оқ бойы озық тұрды.

Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалып-

тасуында Сағыд ибн Әбу Уаққас тарапынан салынған

Куфа мешітінің ерекше маңызы бар. Ол тек құлшылық

мекені емес, сонымен қатар, университет қызметін де

қоса атқарды. Куфа мешітінің ғылым ошағына айна-

луына әйгілі сахаба Абдуллаһ ибн Мәсғудтың (р.а.)

сіңірген еңбегі зор. Ол Рижалул-Қур‘ан, яғни, Құран

кәрімді мейлінше терең меңгерген және жатқа білген

алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі болатын. Олар

уақыттарының көбісін Құран үйретуге бөлетін. Аллаһ

елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Кім Құранды дәл Аллаһтан

түскендей етіп үйренгісі келсе, оны Абдуллаһ ибн

Мәсғудтан үйренсін»

179

деген хадисі және Омардың

(р.а.) ол жайлы: «Білімі мол» деген лебізі оның саха-

балар арасында қаншалықты абыройлы болғандығын

көрсетеді. Халифа Омар өзі жақсы көріп, ерекше

сыйлаған Абдуллаһ ибн Мәсғудты Құран кәрім мен

дін негіздерін үйрету үшін Куфаға арнайы жіберген-

ді. Ол осы мешітте отырып халыққа дәріс оқитын.

Сол қажырлы еңбегінің нәтижесінде көптеген фиқһ

ғалымдары, мұхаддис пен мүфәссирлер өсіп жетілді

180

.

Али (р.а.) аталмыш шаһарда фиқһ мамандарының

көптігіне таңырқап Абдуллаһ ибн Мәсғудқа : «Бұл елді

білім мен фиқһтан кенде қылмадың» деген. Абдуллаһ

ибн Мәсғудтың шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері

4000-ға жетті

181

.

179

Мустәдрәк

, 2:318;

әл-Исәбә,

2:369.

180

Әбу Исхақ әш-Ширази, Әбу Исхақ әш-Шәфиғи (476/1054)

Табақатул-фуқаха

(Тахқиқ И. Аббас), Бейрут, 1970, 81-б.

181

З. Кәусәри, Насбур-раия, 1973, 1-т., 30-б.