Previous Page  107 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 400 Next Page
Page Background

107

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

Жалпы алғанда, Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабаларының қарасы көп еді. Бірақ, олардың барлығы

бірдей ғылыммен айналыспаған. Олардың кейбіреулері

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистерін

естігенімен, басқаларға жеткізбеген. Әр түрлі салада

қызмет ете жүріп, жарық дүниеден озып кеткендері

де аз емес. Пәтуа әрі үкім берген сахабалардың ұзын

саны жүз отызға жуық. Ибн Қайм пәтуа айтуына бай-

ланысты сахабаларды бірнеше топқа бөлген. Бірінші

топқа пәтуалары бір кітаптың көлеміндей білім

қалдырған жеті сахаба, екінші топқа әр қайсысының

пәтуаларынан шағын кітапша шығаруға болатын он үш

сахаба, ал үшінші топқа бірнеше ғана пәтуа қалдырған

сахабалар жатқызылған. Ибн әл-Қайим бұлардың саны

126-ға жететінін айтқан және олардың аты-жөндерін де

ұмыт қалдырмаған

182

.

Куфа қаласында хадистерді көп жаттаған бірінші

топтан екі сахаба – Али ибн Әбу Тәліп және Абдуллаһ

ибн Мәсғуд, екінші топтан Әнәс ибн Мәлік, Әбу Мұса

әл-Әшғари, Сағыд ибн Әбу Уаққас және Салман әл-

Фариси (барлығынан Аллаһ разы болғай!) секілді

фиқһта танымал сахабалар болған және осы саха-

балармен бірге Куфаға 1500-дей сахаба келген

183

.

Халифа Омар (р.а.) Куфа халқына жазған бір хатын-

да «Ислам орталығына» деу арқылы сол жерде ғұмыр

кешкен сахабалар мен табиғиндардың мәртебелерін

көрсеткен еді. Ибн Сағыдтың айтуы бойынша ол жерге

Бәдір шайқасына қатысқан 70, ридуан сертіне қатысқан

300-ге жуық сахаба қоныстанған

184

.

182

Ибн әл-Қайим,

Иламул-муаққиғин ан Раббил-ааламиин,

Дәрул-

жил, Бейрут, 1973, 1-т. 10-11-б.

183

М. әс-Сибаи,

әс-Сунна,

416-б

184

Ибн Сағыд, Табақат, 6-т.5-б.