Previous Page  108 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 400 Next Page
Page Background

108

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Жоғарыда атап өткендей, Ирактың екі ғылыми

орталығы бар еді: Куфа мен Басра. Куфа мен Басра

арасында ғылыми бәсекелестіктің де болуы Иракта

ғылымның дамуына оң жағдай жасады

185

. Куфа осы

бәсекелестікте Басраға қарағанда бір саты жоғары

тұрды. Онда Куфаның әскери әрі биліктің басқару

орталығына айналуы, көне мәдениеттердің бесігі, түрлі

тілдер кең тараған өлке болуымен қатар сахабалардың

барлық ілімін бойына жинаған Ибн Мәсғұдтың осы

қалада қоныстануының да рөлі ерекше еді.

Ислам әлемінің барлық аймағындағы ғылымның

бастауы Абдуллаһ ибн Мәсғұд (32/652), Зәйд ибн Сәбит

(45/665), Абдуллаһ ибн Омар (74/693) мен Абдуллаһ

ибн Аббас (68/687) секілді ғалым сахабаларға барып

тіреледі. Ирактағы Абдуллаһ ибн Мәсғұдтың ғылым

саласындағы жетістігін бәрі мойындаған. Зәйд ибн

Сәбиттің (р.а.) ілімі мәуәлиі болған Хасан Басри мен

оған ұзақ жылдар бойы шәкірт болған Мұхаммед ибн

Сирин арқылы Иракқа тарады. Абдуллаһ ибн Омардың

ілімі Иракқа қоныс аударған, біршама уақыт сонда

ғұмыр кешкен Уруә ибн Зүбәйр арқылы жетті. Ал

Абдуллаһ ибн Аббастың өзі де біраз уақыт Иракта өмір

сүргендіктен, ол жердегілер Абдуллаһ ибн Аббастың

ілімінен сусындау бақытына бөленді

186

.

Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) Куфада рай мектебінің

негізін қалады. Рай мектебі Хижаздағы (Мекке мен

Мәдина) әхлул-хадиске қарағанда рационалдығымен

185

Бұл екі қала тек қана Ирактың емес, халифаттағы барлық

қаланың арасында діни ілімдерде басты орталық қызметін

атқарды. Қараңыз: Бартольд, 2002, 162-163-б., Р. Батыр,

Абу

Ханифа жизнь и наследие,

«Медина» баспасы, Н.Новгород-

Ярославль, 2007, 22-б.

186

М. Ердоган, 1-т., 317-341-б.