104
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
отырықшылыққа ауысқан-ды, әрі көп жағдайда басқа
мәдениеттердің ықпалына ұшыраған болатын.
2. Зәрдүшт дінін ұстанатын ирандықтар.
3. Осы аймақтың байырғы жергілікті халықтары.
Олардың араларында христиан, иудей, сабии (жұлдызға
табынушылар), буддистер мен манихеилер де бар еді.
Оларды бұрындары арамейлер деп атаса, Ислам діні
келгеннен кейін мұсылмандар оларды набатейлер деп
атай бастады
174
.
Мұсылмандар Иракқа қоныс аударып, орныққаннан
кейін бұл жерде 4 әлеуметтік топ қалыптасты:
1. Қоныс аударған (Фатих) арабтар. Олардың өзі
мына үш топтан құралды:
а) Жоғарғы топ. Олар әскери және діни миссиямен
келген сахабалар, ру-тайпа көсемдері, ғалымдар мен
бай-дәулетті адамдардан құралды.
ә) Мұсылман араб әскерлері мен түрлі ру-
тайпа өкілдері. Олардың араларынан да ғылыммен
айналысқандар, кейін дүние-мүлік жинап, бірінші
топтың қатарына өткендер бар.
б) Тағлиб пен Нәжран христиан арабтары секілді
мұсылман емес арабтар.
2. Арабтардың қол астында тұрып, мұсылман
болғандар. Оларды «Мәуәлилер»
175
деп атайтын.
Мәуәлилердің дәрежесі бірінші топтағылардан төмен
саналатын.
3. Құлдар. Олар қоғамда түрлі мақсаттарда
қолданылды.
174
М. Ердоған, Ибн Месудтан Ебу Ханифейе рей мектеби,
Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, семпозиум
материалдары, Куран араштырмалары уакфы, 1-т., 319-б.
175
Мәуәлилер жайлы кеңірек мәлімет алу үшін келесі бөлімге
қараңыз 112-б.