101
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
Біз сөз етіп отырған ұлы ғалым Әбу Ханифаның
туып-өскен жері Куфаға тоқтала кетейік. Әу баста
Куфа қаласы хазірет Омардың бұйрығымен Сағыд ибн
Әбу Уаққас тарапынан һижра жыл санауы бойынша
17 жылы, ал милади жыл санақ бойынша 637 жылы
әскери бекініс ретінде құрылған еді. Сондықтан, ол
жерде көбіне әскери қосындар қоныс теуіп, жергілікті
халықпен етене араласып кете алмады. Омардың (р.а.)
халифалығының соңғы кезеңіндегі өзгерістерге орай
бұл өңірге Мәдинадағы сахабалар да ағылып келе
бастады. Олар жергілікті халықпен қоян-қолтық ара-
ласып, тез сіңісіп кетті. Бір жағынан, сол кезеңнің
өлшемі бойынша орта дәулетті мұсылмандардың да
қатары көбейе бастады. Жергілікті халық арасын-
да мұсылманшылықты қабылдағандардың да қатары
артты. Билік тізгіні ирандықтардан мұсылмандардың
қолына өтті. Осылайша, Иракта түбегейлі өзгерістер
орын алды.
Мұсылман Халифатының аз уақыттың ішінде қанат
жайып, кеңейгендігі сонша, көптеген өңір Ислам дінін
қабылдағандықтан, барша аймақты мұсылмандардың
алғашқы астанасы Мәдина қаласынан, бір орталықтан
басқару қиынға соқты. 657 жылы төртінші халифа
атанған Али ибн Әбу Талиб Куфаға өзінің резиденция-
сын құру мақсатымен келеді.
Саяси-экономикалық жағдайы
Алғашында әскери бекініс ретінде құрылса да,
бертін келе қөлөнершілер, саудагерлер мен бұқара
халықтың көптеп қоныстануына байланысты қала
өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Хорасан, Хижаз,
Үндістан және Қытай секілді ірі мемлекеттермен сауда-