96
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Хайзуран зиратының шығыс жағына қойылды
161
. Кейін
Шәрәфулмүлк Әбу Саид әл-Мустәуи 1067 – жылы
кесене тұрғызып, маңынан медресе салғызады. Қабірі
қазіргі Бағдат қаласында өзінің атымен аталатын
Ағзамия ауданында орналасқан
162
.
Әбу Ханифаның замандасы Абдуллаһ ибн
Мубарактың «Білімнің миы» деген
163
даналықтың дари-
ясы Әбу Ханифа артынан мұсылман үмбетіне өшпес із
қалдырып, жарық дүниемен қош айтысып кете барды.
Әбу Ханифа мұсылман үмбетінің
мақтанышы
Әбу Ханифа Пайғамбармыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мақтаған ең жақсы ғасырда дүниеге келген. Нақтырақ
айтсақ, Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Исламның
ең таза да, жақсы уақыты менің ғасырым, одан соң
менің сахабаларымның өмір сүрген кезеңі, одан соң
сахабаларды көргендердің өмір сүрген кезеңі»
164
деген
болатын. Ал Имам Ағзам Әбу Ханифа осы сахабалар-
ды көргендердің, яғни, табиғиндердің ғасырында өмір
сүрді.
Қаншама ғасыр өтті, мұсылмандар әлі күнге дейін
Әбу Ханифаны дәріптеп, оның еңбектерін жата-
жастана оқиды. Ұлы фиқһ ғұламасының өнегелі өмірі
баршаға белгілі. Замандасы Фудайл ибн Иаз ол туралы
мынадай естелік айтады: «Әбу Ханифа фақиһ, тақуа
ғалым. Фиқһ ілімінде танымал, әрі өте білімді еді.
161
Сәймиәри, 93-б.; Зәхәби,
Манақиб
, 30-б.
162
Ю. Шефки Явуз //
Әбу Ханифа,
Ислам Энцилопедиясы (Түркия
Дианет Уақфы), 10-т. 133-б., Стамбул, 1994
163
Хайсами,
Хайратул-хисан
, 32-б.
164
Канзул-Уммал
12/35589, Бейрут, 1985ж.