Previous Page  94 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 400 Next Page
Page Background

94

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

бас тартады. Дүре соғылып жатқанда ол ақырын да-

уыстап: «Аллаһ тағалам! Құдіретіңмен мені олардың

жамандығынан сақтай гөр» деп жалбарынатын еді.

Қазылық лауазымға отырмайтынын білгендіктен оның

тамағына у қосып өлтірді»

153

.

Ал Ибн Баздауи Әбу Ханифаның түрмеге қамалып

біраз уақыт қысым көргенін, кейін Мансұрдың туыс-

тары өзара ақылдасып, Әбу Ханифаны абақтыдан

шығарып алғанын айтады. Бірақ, пәтуа айтуға, халықпен

жолығуына тыйым салынады. Үйінен шығуға рұқсат

бермейді. Өмірден озғанша үйқамақта болады

154

. Басқа

бір риуаятта Әбу Ханифа түрмеде жатып, халифадан,

тіпті, ас-ауқатты да қабылдамағандығы айтылады. Осы-

лайша, ол баласына: «Балам, айына тамағыма 2 дирхам

жұмсаймын. Мен қия басып шыға алмаймын. Маған ас-

ауқатқа қаражат тауып жеткізіп бер»

155

дейді. Сөйтіп,

Әбу Ханифа Халифа жіберген ауқаттан бас тартып, тек

Куфадан алдырылған адал асымен күн көреді

156

. Әбу

Ханифа түрмеден шыққаннан кейін Бағдатта 15 күндей

төсек тартып жатып, қайтыс болғандығы да айтыла-

ды

157

.

Қорыта келгенде, бұл риуаяттардың барлығында

оның қазылық лауазымынан бас тартып, абақтыда

ауыр азап көргендігі, түрмедегі дүре жазасынан немесе

153

Әбу Захра,

Әбу Ханифа

, 69-б.

154

Манақибу Имам Ағзам

2-т, 15-б.

155

Хайсами, 87-б.

156

Р. Батыр,

Әбу Ханифа жизн и наследие,

106-б.

157

Бағдади,

Тарих,

13-т., 330-б