Previous Page  91 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 400 Next Page
Page Background

91

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Сонда Әбу Ханифа бір кесе сүт алдырып. Мәжусиге

қарап :

– Май сүттің қай жерінде? – деп сұрайды.

– Май мұның барлық жерінде, – деді мәжуси.

Әбу Ханифа Аллаһтың бұл әлемнің барлық жерінде

бар екенін оның ұғымына шақтап түсіндіріп береді.

Мәжуси соңғы сұрағын қояды. Бірақ, басындағыдай

емес, алғашқы арыны басылып даусы бәсең шығады:

– Сендердің Аллаһтарың дәл қазір не істеп жатыр,

соны айтшы.

Әбу Ханифа мәжусидің орындығынан түсуін сұрап,

орнына өзі отырып алады да:

– Қазір Аллаһ тағала сен секілді ақымақ біреуді ор-

нынан түсіріп, мен секілді жас баланы әлемге ғибрат

болсын деп басқалардан бір саты биікке көтерді, –

дейді.

Сөзге тоқтаған мәжуси имам Ағзам Әбу Ханифаның

ақылы мен зеректігіне таң қалып, рахметін айтып,

дереу сол жерде тілін кәлимаға келтіріп мұсылман

болады

148

.

Тағы бір жолы Имам Ағзамның құзырына бірнеше

адам келген еді. Имамға дауыс көтеріп, анадайдан

айқайлап жатты. Әбу Ханифа намазда «Фатиха»

сүресін оқыса, артында оған ұйыған жамағат оқымайды

деген еді

149

. Сөздің төркінін түсінбеген жамағат Имам

Ағзамға қарсы шықты. Мынау келгендер де сол дауды

148

Мекки,

Манақиб

, 155-б.

149

Ханафи мәзһабында имам жамағатпен намаз оқығанда

«Фатиха» сүресін оқиды, ал имамға ұйығандар оқымайды.

Жамағаттың оқуы макруһ болады. Өйткені Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Имамның оқуы жеткілікті»

деген

және артындағы сахабалар оқымаған.