Previous Page  87 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 400 Next Page
Page Background

87

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

деген фиқһ ғалымдарын жинап, оларға өзінің шешімі

туралы айтады:

– Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

айтқандай

«Имандылар өздерінің міндеттерін толық орындау

керек» еді. Бірақ, Мусул елі өз міндеттерін орындамай

отыр. Бағынамыз, қол астыңа кірдік деп кезінде сөз

бергенімен, бүгін, міне, орынбасарыма қарсы шықты.

Амал жоқ, қандарын төгуіме тура келіп отыр, – дейді.

Сол жерде отырған фиқһ ғалымдарының бірі:

– Билік өзіңдікі, кешірсең де өз елің, жазаласаң да

ел сенікі, – дейді. Жауапқа қанағаттанбаған Халифа

Мансұр сол жерде отырған Әбу Ханифаға қарап, оның

да ойын сұрайды. Сонда Әбу Ханифа:

– Олар саған құқылары жоқ нәрсеге (қандарының

төгілуі) сөз берді, сен де оларға құқың жоқ нәрсеге

(олардың қанын төгуге) сөз бердің. Сенің құқың жоқ

дейтінім, мұсылманның қанын төгу үш жағдайда ғана

рұқсат етілген: адам өлтіргенде, мұсылман болғаннан

кейін діннен шықса және үйленгеннен кейін зина

жасаса. Ал егер осы жағдайлардан тыс олардың қанын

төксең, шариғатқа қайшы келері анық. Аллаһтың заңын

аяқ асты етуге болмайды, – дейді де, былай деп сұрақ

қояды:

– Егер әйел ер кісімен некелеспестен мен саған

халалмын десе, онымен жақындасуға бола ма? Және

бір адам басқа бір адамға мені өлтір десе, ол адамды

өлтіру халал бола ма?

Халифа Мансұр бұл екі сұраққа да «жоқ» дейді.

Осыдан кейін Әбу Ханифа нақты үкімін айтады:

– Мусул еліне тиіспе, оларды өлтіру саған халал

емес.