82
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
уақытында мешітте көз шырымын алатын», – дейді.
Абдуллаһ ибн Муқри: «Егер сен Әбу Ханифаның
намаз оқып жатқанын көрсең, оның бар тіршілігі тек
намаз оқу шығар деп қаласың» деп
142
, Әбу Ханифаның
намазға деген ықыласының қаншалықты жоғары
болғандығын айтады.
Әбу Ханифа Құран аяттарының мән-мағынасына
бойлап, зер сала оқитын еді. Нәпіл намаздарын-
да аяттың мағынасына бойлаған сайын айрықша
толқитыны сонша, кейбір аяттарды оқығанда көзінен
жас тоқтамай, таң ағарып атқанға дейін құлшылық
ететін. Бұл жайында Қасим ибн Муғин: «Әбу Ханифа
тахажжуд намазында
»بَلِ السّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَالسّاعَةُ أَدْهَىٰ وَأَمَرّ«
«Әлбетте, оларға уәде етілген қиямет күн өте үрейлі,
әрі тым ащы бір мезгіл»
143
деген аятты оқығанда
еңкілдеп, Аллаһқа жалбарынып, таң атқанға дейін осы
аятты қайталаумен болды» дейді.
Әбу Ханифаның үкім шығарудағы ерекше
қабілеті
Ғұламалар арасында орны бір төбе Имам Ағзамның
бойында жақсы қасиеттер жетерлік еді. Ол бәрінен
бұрын хақ пен ақиқатқа жаны ғашық ғұлама бола-
тын. Әрдайым туралыққа жету үшін жанын салып,
ұзақты барлай алатын зеректігімен, тапқырлығымен
ерекшеленетін. Әбу Ханифа күрделі мәселелерде
оңтайлы әрі әділ шешім шығару қасиетімен
ерекшеленіп, құқықтық мәселелерге қатысты үкім
шығаруда да зеректігімен танымал болған.
142
Бұл да сонда, 22-б.
143
«Қамар» сүресі, 36-аят