Previous Page  80 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 400 Next Page
Page Background

80

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

қылыңдар. Өйткені, бұл табыстарым менікі емес,

Аллаһ тағала сендердің несібелеріңді менің қолыммен

жеткізіп жатыр»

139

дейтін. Саудадан тапқан табысын

ілім жолында жүргендердің қажеттілігіне жұмсап,

шәкірттерін ешкімге кіріптар етпеді. Осы әрекетімен

ғылымның абыройын сақтап қалды.

Имам Ағзам сонша байлығына қарамастан

өте қарапайым күй кешкен. Имам Ағзамның

шәкірттерінің бірі Сәхіл ибн Мүзәһим әңгімелейді:

Әбу Ханифаның үйіне барғанымда үйден төсеніш

орнына төселген қамыстан басқа ештеңе көрмедім.

Осыншама үлкен әулеті бола тұра не байлықты, не

атақты қабылдамайтынын айтқанымда Имам «Зәрият»

сүресінің 22-аятын оқып маған былай деген еді:

– «Аспанда сендерге бұйырылған ризық та бар,

сендерге уәде етілген жұмақ та та бар». Отбасым

үшін Аллаһ маған жетіп артылады. Маған бір айда

күнкөрісіме екі дирхам жетеді. Аллаһтың есеп алатын

нәрселерін не үшін жинай беруім керек. Адам баласы

жиған малын шариғат шеңберінде жұмсаса да, қисық

жолда жұмсаса да Аллаһ одан есеп алмай қоймайды.

Бәріміздің ризығымызды Аллаһ Өзі бермей ме?

Құлшылығы

Имам Ағзам Әбу Ханифаның түнгі намазын қиямда

тігінен тік сағаттап ұзақ оқитындығына байланысты

былайғы жұрт оны «Діңгек» деп атаған. Бұл жайлы

көптеген риуаяттар бар. Солардың бірінде Әбу Асим

Набил «Әбу Ханифа намазды ұзақ оқитыны сонша,

оны білетіндер «Діңгек» деп атап кетті» деген

140

.

139

Бағдади,

Тарихул-Бағдат

, 8-т., 360-б.

140

әз-Зәхәби;

Манақиб

, 21-б.