75
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
«Мың мысалдан бір мысқал» демекші, бірде балды
көп жейтін баласын осы әдетін тыйғысы келіп өзінен
ақыл сұрай келген әке-шешесіне қырық күннен кейін
балаңды қайта алып кел дегені бар. Қырық күннен
кейін балаға «Балды көп жей берме» дейді бар болғаны.
Сонда баланың әке-шешесі: «Құдай-ау, осы сөзді айту
үшін қырық күн күттірдің бе?» дегенде, Әбу Ханифа:
«Сендер балаларыңды алдыма әкелген кезде мен де
бал жейтін едім. Содан бастап бал жеуді тоқтатып,
енді ғана айта алдым», – дейді. Әбу Ханифа Құрандағы
«Ей, иман еткендер! Өздерің істемеген нәрселерді
өзгелерге (істеңдер деп) қалай айтасыңдар?»
132
деген аятына амал қыла отырып, қандай да бір істің
орындалуын өзгеден талап етпес бұрын, оны өзі іске
асырғаннан кейін ғана барып басқаларға айтатын.
Әке-шешені құрметтеуде де үлгі көрсетті.
Анасының бетіне жел боп тимеді. Анасына деген
құрметі шексіз еді. Кейде анасы Әбу Ханифаның
айтқан пәтуасына көңілі толмай, басқа бір ғалымды
іздейтін. Әбу Ханифа анасының айтқанын орындап,
анасын разы қылу үшін алыс жердегі мешіт имамы-
на алып барып, сол имамның артында анасына намаз
оқыттырып, пәтуасын тыңдатқызатын.
Бір күні Имам өзіне сауал қойған Әбу Ханифаның
анасына: «Ең танымал ғалым сіздің жаныңызда
жүргенде мен сізге қалайша пәтуа айтамын» деп, жауап
беруден бас тартқан еді
133
.
Анасына деген мұнша құрмет ол кісіні
жақсы көргендіктен, оны разы қылуға барынша
132
«Саф» сүресі, 2-аят
133
әз-Зәхәби,
Манақибул-Имам Ағзам
, 13-19-б.