72
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ол өте жұмсақ мінезді еді. Иазид ибн Харун былай
дейді: «Әбу Ханифадан асқан биязы адамды көрмедім.
Мыңдаған ғалымнан білім алдым, ілім үйрендім.
Аллаһтың атымен ант етейін, Әбу Ханифадан асқан
тақуа, тілін жамандықтан қорғай алған ешкімді
көрмедім»
128
.
Бір күні Харун әр-Рашидтің алдына Әбу Ханифаның
шәкірті Әбу Юсуф келеді. Халифа Әбу Юсуфтан
ұстазын сипаттап беруін сұрайды. Сонда Әбу Юсуф:
«Аллаһтың атымен айтайын, харамнан аулақ, дүниеден
алыс, көбіне үнсіз, ой үстінде жүреді. Егер әлдебіреу
өзін толғандырған мәселеге қатысты одан кеңес сұрай
қалса, білгенінше жауабын беретін еді», – деп былай
жалғастырады, – Ей, мұсылмандардың әміршісі, мен
Әбу Ханифаны танығалы бері нәпсісі мен дініне өте
сақ екеніне куә болып келемін. Егер біреу жайлы айтар
болса, тек жақсы жағын қозғайтын». Мұны естіген
Харун әр-Рашид: «Бұл ізгі адамдардың бойынан табы-
латын қасиет» деп сүйсінген екен
129
.
Күндердің бірінде бір кісі Әбу Ханифаға келіп «Әй,
бидғатшы, зындық» деп дүрсе қоя берді. Әбу Ханифа
сол адамға қарап:
– Аллаһ сені кешірсін. Менің бидғатшы да, зындық
та емес екенім бір Аллаһқа аян. Өйткені, мен Аллаһ
тағаланы танығалы бір сәт болса да онымен байланы-
сымды үзген емеспін. Тек қана Аллаһтың кешірімін
тілеймін. Тек қана Содан қорқамын» деді де, көзіне жас
алды. Кіршіксіз көңілден бастау алған мына сөздерден
кейін әлгі адам қатесін түсініп, кешірім сұрады. Сонда
Әбу Ханифаның айтқаны мынау еді:
128
Бұл да сонда, 23-б.
129
әз-Зәхәби, Манақибу ибн Әби Ханифа, 17-б.