73
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
– Надандардың мен туралы білмей айтқан барлық
сөздерін кешірдім. Ал ілім иелерінің қайсысы болса
да, жоқ нәрсені маған таңып жала жапса, олардың күні
қараң болсын. Өйткені, ғалымдардың ғайбаты артынан
өшпес із қалдырады
130
.
Мұхаммед ибн Мулиһ ибн Уакиғ Иазид ибн
Кумайттың былай дегенін айтады: «Бір адам Әбу
Ханифаға тіл тигізіп, ол туралы жағымсыз сөздер
айтып «Әй, кәпір, дінсіз!» дейді. Сонда Әбу Ханифа:
«Аллаһ сені кешірсін, сен айтқандай емес екенімді
Аллаһ біледі» деп сыпайы жауаппен ғана шектелді».
Ахмет ибн Мансұрдан естігенін Абдур Раззақ
былай деп әңгімелейді: «Әбу Ханифа өте жұмсақ
мінезді адам еді. Бірде мешітте бірге отырған едік. Бір
адам келіп әлдебір мәселе жайында Әбу Ханифадан
пәтуа сұрайды. Әбу Ханифа оған түсіндіріп береді.
Сонда әлгі адам: «Хасан Басри былай деген еді» деп,
Хасан Басридің көзқарасын айта жөнеледі. Сонда Әбу
Ханифа: «Хасан Басри бұл жерде қателесті» дейді. Осы
оқиғадан кейін көп өтпей Әбу Ханифаға бір адам келіп:
«Әй, пәленшенің баласы, Хасан қателесті деп жүрген
сен бе?» деп ай-шайға қарамай айқайға басады. Сонда
Әбу Ханифа сабырлы қалпын сақтай отырып «Хасан
Басри қателесті, ал Ибн Мәсғуд дөп басты» деп әлгі
кісінің сұрап келген мәселесін дәлелдерімен, тәптіштеп
түсіндіріп береді. Иә, Әбу Ханифа көзі өткір зергер-
дей ғалымдардың көзқарастарын салыстыра отырып,
дұрыс шешім қабылдай алатын, талғамы биік, тағлымы
мол ғалым еді.
130
Мекки,
Хайратул-хисан
, 40-б., Әбу Захра, 53-б.