76
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
талпынғандығынан, діннің рухын жан-тәнімен сезіне
білгендіктен туындап жатқан-ды.
Әбу Ханифаға кезінде дүре де соғылып, түрмеге де
қамалып, қиыншылықты да тартқан еді
134
. Алайда, «Бұл
қиыншылықтар анамды ренжіткеннен ауыр емес»
135
–
деп, көрген қорлығына емес, анасының осыны естіп
қиналатынына қынжылыс білдірген екен.
Әбу Ханифаның саудадағы ерекше
сипаттары мен жомарттығы
Әбу Ханифа саудагер отбасында туып-өсті. Содан
болар, өмірінің соңына дейін саудадан қол үзген
жоқ. Сондықтан, Исламдағы сауданың қыр-сырын
меңгеріп, саудаға қатысты көптеген мәселелерге пәтуа
да беріп отырды. Пәтуа бергенде өз ойынан емес,
кез келген мәселеге қатысты қандай да бір үкім айту
үшін ол алдымен Құран мен сүннетке сүйенетін. Егер
бұл мәселенің шешімін осы екі негізгі қайнаркөзден
таппаса, халықтың салт-дәстүріне үңіліп, шариғат
өлшемдерінен қия баспауға жанын салатын.
Әбу Ханифа саудада мына төрт қасиетімен ерекше-
ленген. Осы төрт қасиетімен халыққа танылып, сенімді
саудагер атанған.
1) Ынсапты, дархан еді. Кейбіреулерді кедей
қылған тойымсыздық секілді тоғышарлықтың ине
жасуындай ұшқыны байқалмайтын. Мүмкін, бұның
себебі, иманының кәмілдігі мен бай отбасынан
шыққандығынан болар.
2) Аманатқа қиянат жасамай, өзгенің дүниесін өз
затындай көретін.
134
Кеңірек мәлімет үшін осы кітаптың 95-бетіне қараңыз.
135
Бұл да сонда, 26-б.