Previous Page  71 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 400 Next Page
Page Background

71

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

қойдың орташа өмір сүру жылын есептеп, жеті жыл

бойы қой етін аузына алмаған екен

125

.

Тақуалығына қатысты Язид ибн Харун «Бір күні

Әбу Ханифаны біреудің есігінің алдында, күннің астын-

да отырғанын көрдім. «Әй, Әбу Ханифа! Көлеңкеге

барып отырмайсың ба?» дедім. Ол «Үйдің иесінен

алашағым бар еді. Сондықтан, оның ауласындағы

көлеңкеге отырмауды жөн деп таптым» десе, екінші

бір риуаятта өзінің берген қарызынан бір пайда табуды

ойлағандай болмайын деп үйдің дуалының көлеңкесін

саялауды жөн көрмегендігі айтылады. Негізінен,

ол осыншалықты тақуа болғанымен, өзгелерден де

дәл сондай тақуалықты талап етпейтін. «Ғалым кісі

адамдарға пәтуа бергенде өзгелерден бұрын өзі үлкен

жауапкершілікті мойнына алуы қажет» деп, ғалым

кісінің тақуалыққа айрықша ден қою қажеттігінің

үлгісін көрсеткен болатын

126

. Оның тақуалығы

пәтуасынан асып түсетін. «Егер қарайып қаламын-ау

деп қорықпағанда ешкімге пәтуа бермес едім. Пәтуа

адамдарға пайдалы, тура жолға бастауы тиіс. Оның

жауапкершілігі ауыр» деп пәтуаны адамдардың игілігі

үшін беретінін қадап айтқан болатын

127

.

Өзіне ұсынылған қазылық пен қазына басшылығын

қабылдамауының негізгі себебі де осы терең

тақуалығынан туындаған-ды. Өйткені, басшылардың

заңсыз әрекеттерін көріп, оған көз жұма алмады.

Ақыретте берілетін жазадан гөрі, осы дүниенің жаза-

сын артық санап, ақыры жәбір-жапаның нәтижесінде

шейіттіктің шәрбатын ішкен-ді.

125

Хәйсами,

Хайратул-хисан

, 152-б.

126

Мекки,

Манақиб

, 85-б.

127

Самиәри,

Ахбару Әби Ханифа уа асхабиһи

, 34-б.