Previous Page  66 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 400 Next Page
Page Background

66

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Осы кітабында төрт халифа тұсындағы шынайы Ислам

рухын көрсете білгендіктен, Имам Ағзамды мужәддид

деген ғалымдар да болған.

2. әл-Фиқһул-әбсат

Әбу Ханифаның өз кіндігінен тараған ұлы Хаммад,

шәкірттері Әбу Юсуф пен Әбул-Мутғи әл-Хәкәмның

риуаяттарымен жеткен ақидаға қатысты кітап.

3. әл-Алим уәл-мутааллим

Әһлу-сунна ақидасын түсіндіріп, қорғау мақсатында

сұрақ-жауап түрінде жазылған кітап. Оны шәкірті Әбу

Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди жеткізген.

4. әр-Рисәлә

Әбу Ханифа Басраның қазысы Осман әл-Баттиға

арнап жазған бұл шығармасында ақидаға қатысты

мәселелерде өзіне айтылған сыни пікірлерге жауап

берген.

5. әл-Уәсия

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа, шәкірттері Әбу

Юсуф (ө 182/793) және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти

мен достарына арнап жазған рисәлалары (шағын

кітапшалар) бар

119

.

6. Муснәду-Әби Ханифа

Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған

хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір де-

ректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады.

119

Осылардың ішінде «әл-Уасия» қазақ тіліне аударылды.

Қараңыз: Қ. Жұмағұлов // Имам Әбу Ханифаның өсиеті, Ислам

және өркениет газеті, №10 (226), 1-10 сәуір, 2011, 6-б.; Ақидаға

қатысты кітаптары мен қолжазба нұсқаларына қатысты кеңірек

мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде Ахмет Эфенди,

Имам-ы

азм Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери,

баспаға дайындап

аударған І. Челеби, Стамбул, 2000, 26-34-б.