Previous Page  63 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 400 Next Page
Page Background

63

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

дәрежесін көтергенімен қоймай, оны халифаның өзіне

де жасқанбай айта білген.

Мұхаммед ибн Хасан Әш-Шайбани Әбу

Ханифаның хас шәкірті Әбу Юсуфтан басқа ешкімге

нәсіп бола бермейтін қасиеттер мен біліктілікті бойына

дарытты. Мұхаммед ибн Хасан Ирак фиқһын Әбу

Юсуфтан қазылық міндетін атқарғаннан кейін барып

алғандықтан, оны толық үйренді деуге болады. Ал

хадис фиқһын Мәдинаның ұстазы Имам Мәліктен,

Шамның ұстазы Әузағиден үйренді. Қандай да бір

мәселе туындаса, оның шешімін таппай қоймайтын

әрі есеп-қисапқа да жүйрік болатын. Сөзге ұста еді.

Қандай мәселені қозғаса да жеңіл, әрі ұғынықты етіп

түсіндіретін. Қазылық міндетке тағайындалуы оны

шыңдап, білімін жетілдіре түсті. Сонымен бірге, оқып

үйренген фиқһ теорияларын іс жүзінде қолданып

көрді.

Имам Мұхаммедтің кітап жазуға деген ынтасы

ерекше еді. Негізінде, Ирак фиқһын кейінгі ұрпаққа

жеткізген де осы – Имам Мұхаммед. Мұнымен қатар,

Муатта кітабын толығымен Имам Мәліктен риуаят

етіп, қағазға түсірген.

Имам Мұхаммед – Ирак ғалымдарының

арасындағы ең танымалы. Фиқһта «Рай фиқһы» мен

«Хадис фиқһын» бір арнада тоғыстырып, мәселелерді

осы екеуінің негіздеріне сүйеніп шеше білген ғалым.

Оның көзқарастары шындыққа, туралыққа ең жақыны

болып саналды. Әрине, бұл фиқһтың барлығын Әбу

Ханифадан алды деп айта алмаймыз, өйткені, Әбу

Ханифа дүниеден өткенде оның жасы бар болғаны он

сегізде еді. Әбу Ханифаның фиқһын оның ең жақсы

шәкірттерінен, әсіресе, Әбу Юсуфтан үйренді. Имам