62
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
жанында үш жыл тұрды. Ұстазы Әбу Юсуф секілді
бас қазы қызметін атқармағанымен, Харун әр-Рашид
кезеңінде қазы лауазымына тағайындалды. Тіл мен
әдебиетті жетік меңгерді. Имам Мұхаммедтің сөзге
ағып тұрған шешен, майын тамызып сөйлетіндігі жай-
ында Имам Шафиғи сынды ірі ғалым: «Ол адамдардың
ең сөзге ұста, ділмәр шешені. Ол сөйлегенде
былайғы жұрт Құран оның тілімен түскендей ұйып,
елітіп тыңдайтын»
112
десе, тағы бірде: «Мен одан
атан түйеге жүк боларлықтай ілім алдым», «Талас
тудырған мәселелерге қатысты сауал қойылған кезде
іркілмей жауап беретін басқа адамды көрмедім»
113
деп
білімділігіне таң қалған екен.
Білімділігімен қатар сұлтандармен қарым-
қатынаста да ілімнің абыройын сақтай білген. Хатиб
Бағдадидің кітабында бұл жайлы мынадай оқиға
келтірілген: «Бір күні Харун әр-Рашид келген екен.
Адамдардың барлығы орындарынан тұрып, құрмет
көрсетеді. Ал Мұхаммед ибн Хасан міз бақпайды.
Сарай қызметшісі Мұхаммедті халифаның құзырына
шақырады. Достары оның ендігі жағдайы қалай болар
екен деп алаңдайды. Имам Мұхаммед қайтып оралған
бетте оны сауалдың астына алады. Сонда Имам:
– Халифа маған «Халықпен бірге сен неге орныңнан
тұрмадың» деді. «Сен өзің мені білімді адамдардың
қатарына қосасың. Мен оған «Бұл деңгейден
қызметшілердің деңгейіне түсуді хош көрмедім»
дедім»
114
деген екен. Осылайша, білімнің абыройы мен
112
Ибн Абдулбәрр,
әл-Интиқа,
174-б.
113
Мұхаммед ибн Жалалуддин әл-Мукрим,
Табақатул-фуқаһа,
1-т.,135-б.
114
Бағдади,
Тарих
, 2-т., 173-б.