59
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
Имам Ағзамның өзі көзі тірісінде оны қазылыққа
лайық көрген екі шәкіртінің бірі еді. Ол райды шебер
қолданумен қатар хадис ілімінде де жүйрік бола-
тын
106
.
Оның Ислам мәдениетіне тарту еткен саясат,
ел басқару, қаржы секілді салаларды қамтыған «әл-
Хараж» атты еңбегінің маңызы зор. Сонымен қатар,
өзімен қатарлас уақытта қазы қызметін атқрған Ибн Әбу
Ләйла мен Әбу Ханифаның келіспеген тақырыптарына
арналған «Ихтиләфу Әби Ханифа уә Ибни Әби Ләйла»
атты кітабы да бар. Ибн Надим оның бұдан басқа да
«Китабус-салат, китабуз-зәкәт, китабус-сиям, китабул-
фарайд, китабул-бую, китабул-худут, китабул-уасайа,
китабус-сайд, китабуз-забайх, китабул-ғасб және ки-
табул ихтилафил-амсар, ар-радд ала Мәлік ибн Әнәс,
Китабул-жәуәми, имлә» деген кітаптарын атайды
107
.
Имам Зуфар ибн Хузәйл
(һ.ж. 110 – 158 / 728 – 774 ж.)
Имам Зуфар – куфалық, әкесі араб, анасы ирандық,
әкесі жағынан да, шешесі жағынан да осы екі елдің
ерекшелігін өз бойына дарытқан ғалым еді. Әбу
Ханифаға шәкірт болмастан бұрын өзі хадис хафызы
еді
108
. Ол – Басра қаласына қазы болып тағайындалған
Әбу Ханифаның қиястағы
109
ең мықты шәкірті. Әбу
Ханифа дүние салғанына сегіз жылдан кейін қырық
106
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 333-б.
107
Ибн Надим,
Фиһрист
, 286-б.
108
Ибн Халликан,
Уәфәятул-аъян,
2-т., 318-б.
109
Қияс – Құран мен сүннеттен табылмаған, алайда, туындаған
мәселеге орай оған ұқсас жағдайды қарастыра отырып
үкім шығару. Мысалы, есірткі шөптерді діндегі үкімі бар
араққа салыстыра отырып үкім беру. Екеуі де ақылдан
адастыратындықтан – харам.