Previous Page  60 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 400 Next Page
Page Background

60

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

сегіз жасында қайтыс болды. Тарихул-Бағдат кітабында

әл-Мәзни мен Ирак фақиһтары жайлы сұраған бір кісі

арасында өрбіген мынадай бір оқиға келтірілген. Әлгі

кісі Мәзниден:

– Әбу Ханифа жайлы не айтасың?,– дегенде ол:

– Олардың басшысы, негізін салушы.

– Әбу Юсуф ше?

– Хадиске ең көп жақын болғаны.

– Мұхаммед ибн Хасан ше?

– Құқықтағы тармақ мәселелерді ең көп білетіні.

– Зуфар ше?

– Қиястағы ең мықтысы, – деп жауап берген

110

.

Имам Зуфардан ешқандай еңбек қалмаған.

Өйткені, ұстазы Әбу Ханифа дүние салғаннан кейін

небәрі сегіз жыл ғана өмір сүрді. Ал Әбу Юсуф пен

Имам Мұхаммед одан кейін ширек ғасырдан аса өмір

сүрді. Осылайша, олардың Ислам тарихында тамы-

рын тереңнен алатын танымы биік дүниелерді арт-

тарына мұра етіп қалдыруға мүмкіндіктері болды.

Зуфар Әбу Ханифаның көзқарастарын хатқа түсіріп

кетпесе де, ауызша жеткізген. Ибн Абдулбәрр «әл-

Интиқа» атты кітабында былай деген: «Имам Зуфар

Басраға қазы болып тағайындалғанда Әбу Ханифа

оған: «Басралықтармен арамыз жақсы емес. Көре

алмаушылық, қастық, бәсекелестік бар. Саған оңай

соқпайды», – деп жұмысының жауаптылығын ескертеді.

Басра қаласына қазы болып тағайындалғанда білімді де,

білікті адамдар айналасына жиналып, Имам Зуфармен

фиқһқа қатысты мәселелерді өзара талқылауды әдетке

айналдырады. Имам Зуфардың келтірген дәлелдерін

110

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

245-б.