Previous Page  61 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 400 Next Page
Page Background

61

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

ақылға қонымды, қисынды көріп, көзқарасын құптап,

уәжіне жығылатын болды. Мұны сезген Имам Зуфар:

– Бұл Әбу Ханифаның сөзі, – дейді.

– Әбу Ханифа осындай терең ілім иесі ме еді? –

дейді Басралықтар.

– Иә, оның бұдан да терең, бұдан да нақты

көзқарастары бар, – деп жауап береді Имам Зуфар. Ол

Басра ғалымдарына келтірген әрбір дәлелін Әбу Ха-

нифадан алғанын әдейі айтып отыратын. Басралықтар

да оның аузын бағып, Әбу Ханифаның білгірлігіне

таң қалысатын. Осылайша, Басра ғалымдарының Әбу

Ханифаға деген күндестігі мен жаулықтарын тыйып,

керісінше оған деген сүйіспеншіліктерін оятты. Әбу

Ханифаны танымай тұрған кездерінде теріс ойда

жүрсе, уақыт өте келе пікірлері өзгеріп, оның атына

жылы лебіз білдіретін болды

111

.

Имам Зуфар Әбу Ханифаның орнына келсе, қайтыс

болғаннан кейін оның орнын Әбу Юсуф басады. Ғылым

мен ғибадатты ұштастырған тақуа, ғалым Зуфар қырық

сегіз жасында бақиға аттанды.

Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбани

(132 -189 һ.ж./ 749 – 804ж.)

Аты – Мұхаммед, әкесінің ныспысы – Хасан әш-

Шайбани. Куниясы – Әбу Абдуллаһ. Һижри 132 жылы

дүниеге келіп, 189 жылы қайтыс болған. Әбу Ханифа

қайтыс болған уақытта ол небары 18 жаста еді. Әбу

Ханифадан біршама уақыт сабақ алды. Ұстазы қайтыс

болғаннан кейін Әбу Юсуфтан білім алып, фиқһ са-

ласын терең меңгерді. Суфиян Саури мен Әузағи

сынды танымал ғалымдардан да сабақ алды. Мәлік

ибн Әнәстан хадис пен риуаят ілімін үйренді. Мәліктің

111

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

192-б.