58
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ибн Жарир әт-Табари «Қазы Әбу Юсуф фақиһ әрі
хадис ілімінде білікті ғалым еді. Хадистерді жатқа
білетіндігімен танымал болған. Хадис ғұламаларынан
сабақ алған. Бір сабақтың өзінде елу, алпысқа дейін
хадис естіп, мәнін терең ұғуға тырысатын. Сабақ
бітісімен хатқа түсірткізетін» дейді
103
.
Әбу Ханифа шәкірттерінің ішінде Әбу Юсуф
пен Зуфардан үлкен үміт күтті. Екеуінің құқықтық
мәселелерді қалай шешетініне ерекше мән беріп,
қабілеттерінің ашылуына жағдай жасап, бақылап от-
ыратын. Бір күні Әбу Ханифаның оң жағынан орын
алған Әбу Юсуф пен сол жағына жайғасқан Зуфар
әлдебір мәселе жайлы таласып қалады. Әбу Юсуф не
айтса да, Зуфар оның сөзін жоққа шығарып, өз пікірін
білдіріп отырды. Зуфардың дегендерін Әбу Юсуф
терістеп отырды. Талас бесін намазына дейін созыл-
ды. Азан шақырылғаннан кейін Әбу Ханифа Зуфардың
бүйірінен түртіп: «Әбу Юсуф тұрғанда төрелік ай-
тамын деп ойлама» деп, бұл таласта Әбу Юсуфтың
мерейінің үстем түскенін білдірді
104
. Зуфардың Әбу
Ханифаның сол жағында, Әбу Юсуфтың оң жағында
отыруының өзінен оның имамның ең алғыр шәкірті,
оң қолы болғандығын аңғарамыз.
Аммар ибн Әбу Мәлік «Әбу Ханифаның доста-
ры арасында Әбу Юсуфқа тең келері жоқ. Әбу Юсуф
болмаса, Әбу Ханифаның да Ибн Әбу Ләйләнің де
тарихта аттары аталмас еді. Осы екеуінің көзқарасын
шартарапқа жайған – Әбу Юсуф»
105
деп, оның Ханафи
фиқһына қаншалықты еңбек сіңіргенін баяндайды.
103
Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 172-б.
104
Саймиари, 95-б.
105
Бағдади,
Тарих
, 14-т., 242-246-б.