Previous Page  56 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 400 Next Page
Page Background

56

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Шәкірттерінің жартысы Куфа, Басра және

Бағдаттан, ал қалғандары Ахуаз, Исфахан, Хәмадан,

Рей, Журжан, Мәру, Бұқара, Самарқанд, Хорезм

секілді Ирактың шығысындағы маңызды қалалардан

келсе, Мысыр, Сирия, Мәдина, Йемен, Бахрейн, Мусул

секілді Ислам діні өркен жайған қалалар мен аудандар-

дан келген шәкірттерінің саны аз еді. Тіпті, олардың

аты-жөндері мен қайдан келгендері әдебиеттерде атап

айтылған

100

.

Әбу Ханифа өз шәкірттерін де жақсы көретін.

«Сендер менің жүрегімнің қуанышы, көңілімнің

жұбанышысыңдар» – деп оларға жүрек жарды сөздерін

арнайтын. «36 шәкіртімнің білім-білігі жоғары, 28-і

қазылыққа қабілетті. Олардың арасында 6-уының пәтуа

беруге білім-білігі толық жетеді, ал Әбу Юсуф пен

Имам Зуфар әрі қазылыққа, әрі пәтуа айтуға лайықты»

деп шәкірттерін бағалаған екен

101

.

Әбу Ханифаның шәкірттерінің 50-ге жуығы Куфа

аймағында, ал өзге көптеген шәкірттерінің көпшілігі

түрлі аймақтарда қазылық лауазымын атқарған.

Мысалы:

Имам Зуфар

– Басрада

Нуһ ибн Әбу Мариям – Мәруде

Қасым ибн Мағын

және Нуһ ибн Дарраж – Куфада

Яхия ибн Зәкәрия

– Медайнда

Имам Мұхаммед

– Ракка, Рәй және Хорасанда

Хафс ибн Ғайс

– Бағдат және Куфада

100

Бәззәзи,

Манақибул-Имам Ағзам

, 490-б.

101

Бұл да сонда, 125-б.