54
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
немесе бермеу керек десе, оның осы екі жауабының да
дұрыс еместігін айт», – дейді.
Осылайша, Әбу Ханифаның адамы айтылған
мәселенің жай-жапсарын Әбу Юсуфтан сұрайды.
Сонда Әбу Юсуф:
– Иә, ол ақысын алуға лайықты, – дейді. Сонда
ол:
– Дұрыс емес, – дейді. Әбу Юсуф сәл ойланып:
– Жоқ, ол ақысын алуға лайықты емес, – деп
алдыңғы жауабына кереғар жауап береді. Ол бұл
жауаптың да дұрыс еместігін айтады. Сонда ақылды
да, тапқыр шәкірт бұл сұрақтың түп-төркінінің қайдан
шыққанын сезіп, орнынан тұрып, Әбу Ханифаның
дәріс алқасына келеді. Әбу Ханифа Әбу Юсуфқа:
– Сенің келу себебің, тазалаушының ақысына бай-
ланысты ма? – дейді.
– Иә, – деп жауап қатады шәкірті. Сонда Әбу
Ханифа:
– Осындай қарапайым мәселені шеше алмаған адам
қалайша батылы барып Аллаһтың діні жайлы фиқһтан
сабақ бере алады? – деп ескертеді. Сонда Әбу Юсуф:
– Осы сауалдың жауабын білгім келеді, – дейді.
Әбу Ханифа мәселенің төркінін:
– Ең бастысы, майды қылшығынан ажыратқандай
ақтан қараны айыра білу керек. Егер тазалаушы киімді
алғанын мойындамағаннан кейін тазалаған болса,
ақысын ала алмайды. Өйткені, мойындамау арқылы ол
келісімді бұзған болып саналады. Сондықтан, киімді
өзі үшін тазалаған болады. Егер киімді алғанын мой-
ындамай тұрып тазалаған болса, онда ақысын алуына