Previous Page  49 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 400 Next Page
Page Background

49

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Әбу Ханифа табиғин ба?

Кейбір кітаптарда Әбу Ханифаның сахабалармен

жолыққандығы және олардан хадис риуаят еткендігі

жазылған. Кейбір қайнаркөз кітаптарда «Әбу Ханифа

өзімен замандас ғалымдар яғни Суфиан Саури, Әузағи,

Имам Мәлік секілді жолдастарынан табиғин болу

құрметімен озып кетті», – делінеді

89

.

Тарихи дереккөздерде Әбу Ханифаның ұзақ өмір

сүрген сахабалармен жолыққандығы жайлы мәліметтер

келтірілген. Мысалы, олардың арасында һижра жыл

санауы бойынша 93 жылы дүниеден озған Әнас ибн

Мәлік, 87 жылы қайтыс болған Абдуллаһ ибн Ауф,

85 жылы қайтыс болған Уасила ибн Асқия, 88 жылы

қайтыс болған Сәхл ибн Сайда және ең соңғы болып

102 жылы Меккеде көз жұмған Әбу Туфайл Амр ибн

Уәсила секілді сахабалар бар

90

. Міне, осылар секілді

ұзақ ғұмыр кешкен сахабалармен жолығуы әбден

мүмкін. Бірақ, олардан хадис риуаят етіп-етпегендігі

жайлы түрлі пікірлер бар. Ғұламалардың біршамасы

Әбу Ханифаның сахабалардан хадис риуаят еткендігін

растап, ол хадистерді атап айтқан. Бірақ, хадис ілімінің

мамандары бұл риуаяттардың әлсіз екендігін алға тар-

тады.

Енді осы ретте «Әбу Ханифа табиғин бе?»

деген сауал туындайды. Ғұламалар «Табиғин» сөзін

түсіндіруде түрлі көзқарас білдірген. Кейбір ғұламалар

«Табиғин» сөзін түсіндіргенде, «Сахабамен жолығу

жеткіліксіз, онымен сөйлесіп, одан хадис риуаят еткен-

де ғана табиғин болады» деп, жолығумен қатар риуаят

89

әз-Зәхәби,

Манақибу Имам Әби Ханифа,

14-бет.

90

Мекки,

Манақибу Әби Ханифа 1-т., 24-б.

; Ибн Хажар Хайсами,

Хайратул-хисан,

23-б.