50
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
етуді шарт етіп қосқан. Бұл көзқарасқа сүйенсек, Әбу
Ханифа табиғин санатына жатпайды. Ал басқа бірқатар
ғалымдардың көзқарасы бойынша, сахабаны көрген
кісі олардан хадис риуаят етпесе де, табиғин санаты-
на қосылады
91
. Олай болса, осы көзқарасқа орай Әбу
Ханифа сахабаны көргендіктен табиғин саналады
92
.
Әрине, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мақтаған
ізгі ұрпақ табиғин санатына қосылу Әбу Ханифа үшін
үлкен мақтаныш болары сөзсіз. Бірақ, оның ИмамАғзам
деген абыройға бөленуі тек табиғин болғандығында
емес, мұсылман үмбетіне жасаған ұшан теңіз еңбегінің
нәтижесінде екенін ескерген жөн.
Әбу Ханифаның сабақ бере бастауы және
шәкірт тәрбиелеуі
Әбу Ханифа жиырма екі жасынан бастап, он сегіз
жыл бойы Хаммадқа шәкірт болды. Ол қырыққа аяқ
басқанда ұстазы, Куфа елінің атақты ғалымы Хаммад
дүниеден озды. Оның жолдастары ұстаздыққа ұлы
Исмаилді өткізуді ұйғарды. Шәкірттерінің арасында
Әбу Ханифадан басқа да үміткерлер бар еді. Алайда,
сол кезге дейінгі Әбу Ханифаның өзін көрсетуі мен
дарындылығына қанық достары бұл ойларынан бас
тартып, ұстаздыққа Хаммадтың ең қабілетті шәкірті
Имам Ағзамды бір ауыздан лайық деп тапты. Имам
Ағзам да ілімнің абыройын бәрінен жоғары қойып:
«Мен ілімнің жоғалып кеткенін қаламаймын» деп, ол
ұсынысты қабыл алды
93
. Шын мәнінде, ол ұстазының
ілімін терең меңгерген, ұстаздық етуге нағыз лайық
91
Ибн Абдулбәрр,
әл-Интиқа,
158-б.
92
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
88-б.
93
Сәймиәри, 7-б.