Previous Page  48 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 400 Next Page
Page Background

48

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Пайғамбармыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мұраға байлық емес,

ілім қалдырған. Әбу Ханифа бұл ілімді, яғни, Құран

мен хадисті толық менгеруге тырысып, өмірін хақ дінге

қызмет етуге арнаған-ды.

Ғылымға терең бойлауының сырын білгісі келген

біреу «Фиқһты миыңа тасқа нақыштағандай құйып

алып, оған терең бойлай түсу үшін қандай тәсіл

қолданасың?» дегенде, «Бүкіл ынта-жігеріммен сол

істі қолға алуым арқылы» дейді. Әлгі кісі жалпыла-

ма жауапқа қанағаттанбайды. Сонда Әбу Ханифа «Тек

зәру жағдайда қажеттісін алып, басқа еш нәрсенің

соңынан түсіп алданып кетпеген жағдайда ғана бұған

қол жеткізесің» деген екен. Ол тынымсыз еңбек пен

қажыр-қайрат арқылы ғана ілімге қол жеткізуге бола-

тынына сенетін. Жалқаулыққа қаны қас ғұлама «Фиқһ

пен фиқһ маманының қадірін, дәріс алқасына қатысып

көрмеген, жайбасар жалқаулар біле алмайды»

88

деген.

Қорытындылай келе, Әбу Ханифаның ілім алған

ұстаздарының силсиләсін (тізбегін) төмендегідей

беруге болады:

88

Нуайм әл-Исфахани,

Хилятул-әулия

./Ибнул Жәузи, Сыфатус-

сафуә, түрік тіліне аударып, толықтырғандар: (С. Айкут, У.

Гүненч, Я. Атак т.б.)

Сахабеден гүнүмүзе Аллаһ достлары,

Шуле баспасы, Стамбул, 1996, 4-т., 274-275-б.