45
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
ерекшеленетін. Басқа достары қателесіп, жаңылысып
жатса, ол естігендерін санасына құйып алатын.
Сондықтан, ұстазы оны дәріс алқасының ең алдында
өзімен бір қатарға отырғызатын, басқаларына мұндай
сый-құрмет көрсетпейтін
81
.
Хаммад шәкіртін жан-жақты тәрбиелеп әрі оның
біліміне көңілі толып: «Мендегі барлық нәрсені бойыңа
толықтай сіңіріп, бұлақтың көзін суалттың»
82
деген-ді.
Тағы бірде шәкіртінің ілімге деген терең ықыласына
сүйсініп: «Мен жарықтың күндізге дос болып,
қараңғыны нұрға бөлегеніндей ілімнің Нұғманға жан
жолдас екеніне толық көз жеткіздім»
83
деген-ді.
Өзін жақсы көрген ұстазын Әбу Ханифа да қатты
жақсы көріп, оны мақтан тұтатын. Бірде ол былай
дейді: «Мен Хаммадқа кенеше жармастым. Менің
оған жармасқанымдай ұстазына басыбайлы байланған
ешкімді көрмедім. Оны сауалдардың астына алатыным
соншалық, кейде ол шыдай алмай: «Әй, Әбу Ханифа,
миым ашып, кеудем қысылып кетті» дейтін»
84
. Өйткені,
ол өзінің ұстазының сахабалардың көзқарастары мен
ілімін бойына жинаған дария екенін жақсы білетін. Өз
кезегінде ұстазы Хаммад та білімге құштарлығының
арқасында ұстазының бойындағы бар білімін барын-
ша қалдырмай қақтап, сарқып алмайынша көңілі
көншімейтін.
Әбу Ханифа ұстазын жақсы көргені соншалық,
ұстазы бақилық боп кеткеннен кейін де ұмытпай,
әрдайым дұға тілеп отыратын. Бір сөзінде ол:
«Хаммад қайтыс болғалы бері әр намаздан кейін ата-
81
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 333-б.; Мекки,
Манақиб
, 51-б.
82
А. Әмин,
Духаул-ислам,
Каир, 1964, 2-т., 182-б.
83
Сәймиәри, 9-б.
84
А. Әмин, 2-т. 182-б.