42
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Сахаба Әнәс ибн Мәліктен хадис тыңдап, одан
хадис риуаят еткен. Омар ибн Хаттабтың мәуләсы Аб-
дуррахман ибн Сағыд, Ибн Аббастың мәуласы Икри-
мадан және т.б. табиғиндардан хадис риуаят еткен
75
.
Хаммад – дәулеті шалқыған, парасатты кісі болған.
Мал-мүлкінің бір бөлігін өзінің маңдай терімен сау-
дадан тапса, біразы әкесі мен туғандарынан мұраға
қалған. Тарихшылар оның ілімі терең, жақсылық жо-
лында дүниесін аямаған, қолы ашық, көңілі кең дархан
кісі болғанын жазады
76
. Осы жағынан да Әбу Ханифа
ұстазы Хаммадқа ұқсаған.
Хаммад Ибраһим ән-Нәхәидан дәріс оқып, оның
фиқһын ең жақсы меңгергендердің бірі еді. Ұстазы
Ибраһим ол жайлы өзіне келген Мұғираға «Оның
етегіне мықтап жармасыңдар. Былайғы жұрттың
ішінен маған ең көп сауал қойған сол» десе, өзінен
кейін кімнен пәтуа сұрау керек дегендерге «Хаммад-
тан» деп жауап берген
77
.
Хаммад ибн Әбу Сүлеймен ұстазы жарық дүниемен
қош айтысқан кезден бастап, (96/714) Куфа мешітіндегі
фиқһ дәріс алқасына ұстаздыққа өтеді. Ол осы мешітте
табаны күректей жиырма төрт жыл ұстаздық етсе,
оның сабақтарына ең ұзақ қатысқан талантты да, алғыр
шәкірті Әбу Ханифа еді. Хаммад ибн Әбу Сүлейменнен
фиқһ ілімін жиырма екі жасынан қырыққа келгенге
дейін оқып, он сегіз жыл сабақ алған. Ұстазы Хаммад
қайтыс болғанға дейін (120 һ.ж.) одан сабақ алуды
тоқтатпаған.
75
М. Ө. Арас, 71-б.
76
Бұл да сонда, 75-80-б.
77
Ибн Сағыд,
Табақат,
6-т., 633-б.; М. Арас, 81-82-б.