39
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
тұратын. Ең алғаш мәрте жолыққан кезде араларында
мынадай әңгіме өрбіген. Ата одан:
– Сен қайдан боласың? – деп сұрайды. Әбу
Ханифа:
– Куфа қаласынанмын.
– Ә-ә, әртүрлі дінді ұстанып, сан алуан топтарға
бөлінген жерден де!
– Иә, сол жерден.
– Қай топтансың?
– Мен сәләфқа (сахабалар мен табиғиндер) тіл
тигізбейтін, тағдырға сенетін, біреуді күнә істегені
үшін кәпір санамайтын топтанмын, – деп жауап берген
екен
68
. Ілімінің тереңдігі мен тақуалығына тәнті болған
Әбу Ханифа «Атадан артық адам көрген емеспін»
69
деген.
Мәлік ибнӘнас.
ӘбуХанифа хадистер әлі толықтай
жинастырылып, жазылып, жүйеленбеген уақытта өсіп-
жетілді. Ол өз аймағында ғана ілім алумен шектеліп
қалмай, Ислам әлемінің әр түрлі орталықтарындағы
білгір ғалымдармен кездесіп, солардан ілім алуға
тырысқан. Оның хижаз мектебінің көрнекті өкілі Мәлік
ибн Әнаспен (қ. 179 һ.ж,.) ұзақ уақыт бірге жасаған
ғылыми тәжірибе алмасуына қатысты мәліметтер тарих
кітаптарында егжей-тегжейлі берілген. Имам Мәлік
ибн Әнас – мәліки мәзһабының құрушысы, ең алғаш
жинақталып, хадисшілердің сенімінен шығып, жоғары
бағаланған «Муатта» атты хадис кітабын жинастырған
ғалым. Оның хадис ілімінде, Құран мен хадистерден
68
Бұл да сонда, 67-б.
69
Бұл да сонда, 67-б.