35
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
оның ілім дариясы екенін айтып кеткен. Өз кезегінде
Әбу Ханифа ӘузағименМеккеде кездесіп, бір мәселенің
шешіміне қатысты өзінің келтірген дәлелінің де негізсіз
емес екенін көрсету үшін «Хаммад Зухриден, Ибраһим
Сәлімнен, ал Алқама сахаба болмаса да Ибн Омардан
деңгейі төмен емес» деген кезде, Әузәғи оның уәжіне
жығылған
57
. Ол Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сүннетін сақтауға зор үлес қосқан алып имамдардың
бірі. Одан көптеген табиғин имамдары хадис алған. Ол
Куфада Әсуәд ән-Нәхәи, Ибраһим ән-Нәхәи, Хаммад
ибн Әбу Сүлеймен секілді ғұламаларды тәрбиелеп
жетілдірген кемеңгер тұлғалардың бірі. Осы орасан
еңбегіне орай оны Куфа медресесінің құрушысы десек
қателеспейміз.
Мәсруқ ибн Әждә.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
дүниемен қош айтыспай тұрып, Йеменде Ислам
дініне өткен Мәсруқ ибн Әждә Хамадани (қ. 63/682)
Әбу Бәкірдің халифалығы тұсында Мәдинаға келген.
Әбу Бәкірдің артында тұрып намаз оқыған, Әбу Бәкір,
Омар, Осман, Али, Мұғаз ибн Жәбәл (Бәрінен де Аллаһ
разы болғай!) секілді сахабалардан ілім үйренген.
Айша анамыз да оған ерекше құрмет көрсеткен. Кейін
Куфаға қоныс аударып, Ибн Мәсғудтан сабақ алған.
Тақуалығымен қатар ілімге деген құштарлығымен де
ерекшеленген тұлға еді. Біраз уақыт қазылық міндетін
де атқарған Мәсруқ жайлы «Қады Шурәйхтан да білгір
ғалым еді» делінген
58
.
Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (104/722).
Әбу
Ханифа – сахабалардың пәтуаларын талмай іздестіріп,
57
М. Е. Кылычер,
Ислам фыкхында рай тарафтарлары,
Анкара,
1961, 32, 35-б.
58
Ибн Сағыд,
Табақат
, 6-т., 76-б.; Кылычер, 33-б.