Previous Page  31 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 400 Next Page
Page Background

31

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

кетті

44

. Ол фиқһ ғалымдары арасында жүйелі ойлау

ұстанымдары мен әдіснамасын басшылыққа алып, сол

әдістерді иман негіздері мен діни үкімдер шығаруда

шебер қолданған ақида саласының алғашқы ғұлама-

ғалымы. Міне, осы ерекшелігіне орай, Әбу Ханифа

мен шәкірттерін рай мен қияс жақтастары деп атап

кеткен

45

. Әбу Ханифаның фиқһ пен ақида іліміндегі

беделінің биік болғаны сол, сунниттердің тысындағы

мұғтазилиттер мен мүржия секілді ағымдар оны

өздерінің бағытынан етіп көрсетуге тырысқан.

Оның ғылыми танымының қалыптасуында тек

қана білім алу жолы емес, сабақ беруінің де өзіндік

рөлі болған. Өйткені, сабақтарын өзінің әр түрлі ғылым

саласында білімдерін жетілдірген зерек шәкірттерімен

пікірталас түрінде өткізгені мәлім. Ал оның сабақ беріп

ілім үйренуі өмірінің соңына дейін жалғасқан.

44

Әбу Ханифаның қысқаша жүйелеген иман негіздері сол

кездері қызу талқыға жол ашқан мәселелер еді. Оның осы

тақырыптарды терең түсінігі арқылы белгілі бір жүйеге са-

луы өзінен кейін келген ахлус-сунна уәл-жамағат имамдарына

(Мысырда имам Тахауи (қ. 321 һ. ж.) негізін қалаған тахауия,

Иракта құрылған әшғария (Имам Әшғари (қ. 324 һ. ж.) және

Орта Азияда кең тараған матуридия (имам Матуриди (қ. 333

һ.) ықпал етті. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: А. Жошкун,

Ислам итикадында Ебу Ханифенин тесири ве имам Матури-

ди,

Йени умит, журналы, 2002 ж., Шілде-Тамыз, 57-сан; Ақида

іліміне қосқан үлесіне байланысты төменде кеңірек тоқталдық.

Қараңыз: 306-б.

45

М. М. Шәриф,

Ислам дүшүнжеси тарихи,

(түрік тіліне

аударған: А. Үнал), Стамбул, 1990, 1-т., 281-б.