28
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ханифа қалыптасу жолындағы ақида ілімінің алғашқы
өкілдерінен деуге болады.
Осы жерде тағы бір назар аудара кететін жайт,
Әбу Ханифа фиқһ іліміне бет бұрғаннан кейін ақида
(кәләм) мәселелерімен айналысуды доғарған, кәләммен
айналысуға тыйым салған
36
деген көзқарастар тарихи
шындыққа аса сәйкес келе бермейтін секілді. Өйткені,
кейбір зерттеушілердің
37
айтуы бойынша, ақидаға
қатысты пікірлерін қамтыған «әл-Уасия» атты еңбегі
өмірінің соңғы жылдарында жазылған. Әбу Хафс
Омар әз-Зәнәнжәри Әбу Ханифаның кәләм алқасының
болғанын, харижиттер, шииттер, дәхрилер секілді
ағымдармен пікірталастыруының фиқһқа бет бұрғаннан
кейін де жалғасқандығын жеткізген
38
. Ал Имам
Ағзамның тыйым салған кәләм ілімі бастауын Құран
мен сүннеттен алмайтын, ақиққатты емес, жалғанды
қорғауды, өзінікін дәлелдеп, қарсыласының пікірлерін
жоққа шығаруды мақсат еткен кәләм. Әйтпесе,
жоғарыда келтіргендей, өзінің «Фиқһтың абзалы» деп
атап, имансыздыққа қарсыИслам ақиқаттарын дәлелдеу
үшін қолданған кәләмға тыйым салмаған
39
. Шағбимен
болған оқиғадан соң оның түбегейлі ілімге бет бұрғанын
көреміз. Ол 22 жасына дейін-ақ, сол кездегі мұсылман
36
Бағдади, 13-т., 333-б., Зәхәби, Сияр, 6-т., 398, Мекки, 51-б.,
57-б.
37
Ибнус-Субки, М. Муртаза әз-Зәбиди, Беязизаде Ахмед
Эфенди, бертін келе Зәһид әл-Кәусәри, Али Сами ән-
Нәшшәр, Инаятуллаһ Иблағ секілді ғалымдар осы көзқарасты
жақтаған. Ю. Шевки Явуз,
Акаиде даир гөрүшлери,
// Ислам
ансиклопедиси, ТДВ, Стамбул, 1994, 10-т., 138-б.
38
әл-Мекки, Манақибу Әби Ханифа, Бейрут, 1981, 57, 124-б.;
Бәззәзи, Манақибу Әби Ханифа, Бейрут, 1981, 181, 202-б.
39
Беязиззаде Ахмед Эфенди,
Ишаратул-мәрәм мин ибаратил-
имам
(жариялаған Ю. Абдурразақ) , Каир, 1949, 35-46-б.