Previous Page  23 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 400 Next Page
Page Background

23

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

құптамаған. Өйткені, оның Хаммадтан басқа ұл немесе

қыз баласының болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ

23

.

Басқа да риуаяттарға зер салсақ, ғалымдардың ай-

туынша, «Әбу» сөзінің аудармасы «Әке» мағынасымен

қатар, «Иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі», ал ханифа сөзі

«Хақ, тура жол» дегенді де білдіреді. Олай болса, Әбу

Ханифа деген сөздің мағынасы «Хақ жолдың бастау-

шысы, тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды

24

. Демек,

Әбу Ханифа халыққа дұрыстығы әрі туралығымен

танылғандықтан, қалың жұртшылық Имамға «Хақ дін,

тура жолдың басшысы» деп лақап тағып құрметтеген.

Осы айтылған анықтамалардың барлығы Имам

Ағзам Әбу Ханифаға лайық десек, артық айтқандық

емес. Оның өмірімен тереңірек танысқанда бұған көз

жеткіземіз.

Әбу Ханифаның толық аты ән-Нұғман ибн Сабит

ибн Зәута. Зәутаның баласы Сәбит, Сәбиттің баласы

Әбу Ханифа Ән-Нұғман. Ал Әбу Ханифаның баласы

Хаммад, Хаммадтан екі ұл тарайды: Омар мен Исмайл.

Шежіресін былайша қысқаша көрсете кетейік:

Атасы

Зәута (Нұғман)

Әкесі

Сәбит

Өзі

Әбу Ханифа

Баласы

Хаммад

Немерелері

Омар және Исмайл

23

И. Хаккы Үнал,

Имам Ебу Ханифенин хадис анлайышы ве

ханефи фықһынын хадис методу,

Анкара, 1994, 16-б.

24

Әбсаттар Қажы Дербісәлі,

Ұлық Имам – Имам Ағзам Әбу

Ханифа,

«Көкжиек» баспасы, Алматы, 2007, 13-б.