27
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
кезеңінде жүйелі түрде қалыптасқан ақида ілімі бар
еді деу қиын. Өйткені, ол кездері (хижра жыл санауы
бойынша ІІІ ғасырға дейін) әрі Ислам ілімдері сала-
салаға бөлініп, өз алдына дербес қалыптаса қоймаған
еді. Имам Әбу Ханифаның өзі де кітаптарында термин
ретінде кәләм ілімі жайлы сөз қозғамаған. Сөйтсе
де, бертін келе ақида ілімінің негізгі мәселелері
ретінде қабылданған әрі өзінің кітаптарында көтерген
тақырыптарды «Дінде терең білім» ретінде қабылдап,
кітабын «Фиқһ» деп атаған. Тіпті, оған «Фиқһтың
абзалы» деген. Өз сөзімен айтқанда, «Фиқһтың абзалы
– адамның Аллаһ тағалаға деген иманы, шариғат пен
сүннеттерді, жаза түрлерін, үмбеттің бір ауыздан
келісуі мен (ихтилаф) пікір айырмашылықтарын да
білуі»
33
деген.
Қалай дегенде де, ақида ол кезде әлі ғылыми жүйе
ретінде қалыптаспаған еді
34
. Десе де, Әбу Ханифаның
ақида іліміне қаншалықты ықпал жасағанын Имам
Шафиғи (қ. 204 һ.): «Халық тәпсірде Мұқатил ибн
Сүлейменге (қ. 150 һ.), өлеңде Зубайр ибн Әбу
Сулмаяға (ө.609 һ.), ал кәлам (ақида) саласында Әбу
Ханифаға мұқтаж», – деп көрсеткен
35
. Яғни, Әбу
33
Әбу Ханифа,
Фиқһул-әбсат,
36-б.; И. Хаккы Үнал, 18-б.
34
Алғашқы кезеңдері «фиқһ» сөзі ақида, ғибадат, ахлақ, қарым-
қатынас, жеке мәселелер, тәпсір, қоғамдық шаралар және
тағы басқа да білімдерді меңгеруге қатысты айтылған. Ал
кейіннен табиғин кезеңінде білім саласы өркендеп, жалпыла-
ма сипатқа ие ислами ғылымдар хадис, тәпсір, ақида, фиқһ,
ахлақ, араб тілі, т.б. секілді түрлі салаларға бөлініп, әр сала-
да маманданған ғалымдар шыға бастады. Ақида және кәләм
ілімінің қалыптасуына қатысты кеңірек мәлімет алу үшін
қараңыз: Ислам ансиклопедиси, ТДВ, 2-том, 212-216-б., Стам-
бул, 1989; 25-том, 196-202-б., Анкара, 2002
35
Ибн Халикан,
Уәфәятул-аъян,
Бейрут, 1978, 5-т., 255-б.