30
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
бір мамандықты емес, түрлі мамандықтарды да қатар
игергенін байқаймыз
41
.
Ақида мәселелерімен айналысып, Исламның иман
негіздерін қорғау мақсатында әр түрлі ағым өкілдермен
пікірталасқа түскендігі оның пісіп-жетіліп, ғылыми
танымының қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Жалпы, Әбу Ханифаның кезеңінде ғалымдар екі
салада еңбек еткен еді. Біріншісі, тек Ислам фиқһымен
шұғылданғандар. Бұлар басқа саладағы ілімдермен көп
айналыспайтын, ары кеткенде қияс
42
пен тахрижул
ахадисті
43
ғана оқитын. Ал екінші топтағы ғалымдар
ақида мен кәләм саласын түбегейлі меңгеруге тыры-
сатын.
Ол кездері осы фиқһ пен ақида саласын бірдей
меңгерген ғалым жоқ еді. Ең алғаш осы екі саланы
бірдей меңгеріп шыққан Әбу Ханифа болды. Жастайы-
нан ілімге құштар, парасатты, әрі зеректігімен ерек-
шеленген ол осы екі салада да ең жоғарғы деңгейге
жетті. Сонау ерте кезеңнің өзінде бір жағынан, ханафи
фиқһының мектебін, ал екінші жағынан, әхлус-сунна
уәл-жамағаттың ақида мектебінің де негізін қалап
41
И. Челеби,
Ебу Ханифенин келамжылыгы, итикада даир
рисалелери ве бунларын отантик олуп олмадыклары меселеси,
//
Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким,
2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы,
Бурса, 2005, 2-т., 186-187-б.
42
Салыстыра отырып үкім шығару
43
Хадистің түп негізін табу