32
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Әбу Ханифаның ілім қайнарының
бастаулары және ұстаздары
Әбу Ханифаның ұстаздарын тану оның ғасырлар
бойы нұр шашып, көңілдерді шуаққа бөлеген ілімінің
қайнарларының бастауының қайда жатқанын көрсетеді.
Бұл жайында өзі: «Мен ілім мен фиқһтың қайнаған
ортасында өстім. Ғұламалармен бірге жүріп-тұрдым.
Фиқһта ең білгір деген ғалымнан білім алдым» деген
46
.
Әбу Ханифаның бұл сөзі оның нағыз ілім ордасында
өскенін көрсетеді. Көптеген ғалымдармен жолығып,
белгілі бір салада тереңдеп, танымал болғандарынан
сабақ алған. Солардың арасында Ирактағы фиқһ
саласының көрнекті ұстаздарының бірі Хаммад ибн
Әбу Сүлейменге шәкірт болып, одан ілім үйренген.
Әрине, ол Хаммадтан ғана сабақ алумен шектелме-
ген.
«Тарихул-Бағдат» кітабында Әбу Ханифаның
кімнен ілім алғандығы жайында былай делінген: «Әбу
Ханифа бір күні Халифа Мансұрдың жанына барады.
Халифаның жанында Иса ибн Мұса да бар еді. Бұл
тақуа, сопы ғалым Иса ибн Мұса халифа Мансұрға
бүгінгі әлемнің бірегей ғалымы осы деп, Имам Ағзам
Әбу Ханифаны көрсетті. Сонда Мансұр:
– Ей, Нұғман, ілімді кімнен үйрендің? – дегенде
Әбу Ханифа:
– Хазірет Омардан білім алғандар арқылы
Омардың, хазірет Алиден сабақ алғандар арқылы
Алидің, Абдуллаһ ибн Мәсғудтан ілім үйренгендер
арқылы Абдуллаһ ибн Мәсғудтың білім кәусарынан су-
46
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
62-б.