38
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
дан Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүбарак
хадистерін жеткізген, дінді терең меңгерген имам
еді. Хадис ілімінде оның сенімділігі мен дәрежесінің
жоғарылығын ғұламалар бірауыздан мойындаған.
Тіпті, имам Бұхари мен имам Мәлік Ибн Омардан Нафи
арқылы жеткен тізбекті ең сенімді деп қабылдаған.
Халифа Омар ибн Абдулазиз осы терең білімділігін
ескеріп, оны Мысыр еліне хадис үйрету үшін арнайы
ұстаз ретінде жіберген. Ол 117 жылы Мәдинада дүние
салған
64
. Көптеген ғұламалар Нафиды бір көрсем деп
армандайтын. Әрине, Әбу Ханифа бұдан тыс қалмақ
емес
65
. Әбу Ханифаның «Муснадындағы» (хадис
жинағы) хадистердің көпшілігі имам Нафи арқылы
келіп жеткен.
Ата ибн Әбу Рабах.
Әбу Ханифа тек қана
Куфаның ғалымдары емес, сонымен қатар, Хижаздың
ғалымдарынан да ілім алған. Солардың бірі –
Меккенің фиқһ маманы болған Ата ибн Әбу Рабах
66
.
Ол Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ардақты
сахабаларының бірі, Құран білгірі Абдуллаһ ибн
Аббастың ілімінен сусындап өскен белгілі табиғин
ғұламаларынан. Тарихи дереккөздерде имам Ағзамның
елу бес рет Меккеге қажылыққа барғандығы айтылған
67
.
Әрине, мұнда әсірелеу болғанымен, бұл оның өмірінде
қажылыққа жиі барғандығын көрсетеді. Әбу Ханифа
Меккеге әр сапарында Ата ибн Әбу Рабахпен жолығып
64
М. М. Әбу Зәху, әл-Хадис уәл-мухаддисун, Бейрут, 1984, 194-
195-б.
65
М.әш-Шака, 47-48б.; Р. Батыр, 46-б.
66
Ибн Абдулбәрр,
әл-Интиқа фи фәдәилис-сәләсәти әл-
әиммәтил-фуқаһа,
Бейрут, ж.к., 158-б.
67
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
91-б.